Мазмұнға өту

ЖАСТАРДЫҢ САУАЛДАРЫ

Пәктікті сақтау анты деген не?

Пәктікті сақтау анты деген не?

 Пәктікті сақтау анты деген не?

Пәктікті сақтау анты деген — некеге дейін жыныстық қатынасқа түспеу жайлы жазбаша не ауызша түрде берілетін уәде.

1990 жылдары пәк болып қалу жайлы ант беру жастар арасында кеңінен таралды. Өйткені сол кездері Құрама Штаттардағы Оңтүстік Баптистер Конвенциясы “Шын махаббат күте тұрады” атты бағдарламаға бастау берді. Бұл бағдарламаның мақсаты — Киелі кітап құндылықтары мен құрбы-құрдастардың жақсы ықпалы арқылы жастарға некеге дейінгі жыныстық қатынасқа “Жоқ!” деуге талпындыру еді.

Бұдан кейін тағы бір сондай бағдарлама жүргізілді. Бұл бағдарламаға сай, пәктік антын бергендерге бір-бір күміс сақинадан таратылды. Бұл олардың некеге дейін төсек қатынасынан аулақ болу керектігін есіне салып тұру үшін жасалды.

 Бұл ант өз мақсатына жетіп жатыр ма?

Мұның жауабы кімнен сұрағаныңа байланысты.

  • Кристина Ким мен Роберт Ректор есімді зерттеушілердің айтуынша, “бірнеше зерттеуге сай, пәктік антының арқасында жасөспірімдер арасындағы жыныстық қатынас саны азая түскені анықталды”.

  • Гутмаккер институтының зерттеуіне сай, “пәктік антын берген жастар мұндай ант бермеген жастар сияқты жыныстық қатынасқа түсіп жүр”.

Неге зерттеулердің нәтижесі бір-біріне қарама-қайшы?

  • Кейбір зерттеулерде жыныстық қатынасқа қатысты нанымдары әртүрлі жеткіншектер арасында ант бергендер мен бермегендер салыстырылды.

  • Өзге зерттеулерде жыныстық қатынасқа қатысты нанымдары бірдей жеткіншектер арасында ант бергендер мен бермегендер салыстырылды.

Ал соңғы зерттеулер не дейді? Жасөспірімдердің денсаулық мәселелерінің маманы — доктор Джанет Розенбаум бес жылдан кейін былай деп мәлімдеді: “Жыныстық қатынас мәселесінде пәктік антын бергендер мен бермегендердің арасында ешбір айырмашылық жоқ”.

 Әлдеқайда тиімді жол

Пәктікті сақтау антын беру бағдарламалары игі мақсатпен құрылған. Бірақ бір кемшілігі — олар сол антқа сай өмір сүруге қажетті құндылықтарды ұялатпайды. Доктор Розенбаумның айтуынша, пәк болуды уәде еткендер “берген анттарының мәніне терең бойламайды... Адамның өзін жүгендеуі қандай да бір бағдарламаға қатысқанына емес, өзінің жеке ұстанымына байланысты болу керек”.

Киелі кітап адамды осындай жеке ұстаныммен өмір сүруге талпындырады. Мұндай ұстанымға адам жазбаша не ауызша ант беру арқылы емес, “жақсы мен жаманды ажырату үшін” түйсіну қабілетін машықтандыру арқылы ие бола алады (Еврейлерге 5:14). Сайып келгенде, жастар тек аурулар мен жүктіліктен аулақ болу үшін ғана емес, некенің негізін қалаған Құдайды құрметтеу үшін пәктік сақтайды (Матай 5:19; 19:4—6).

Киелі кітаптың талаптары біздің пайдамыз үшін жазылған (Ишая 48:17). Қандай жаста болмасын, адамдардың бәрі Құдайдың “Азғындықтан аулақ болыңдар!” деген бұйрығына мойынсұну үшін ерік-жігер дамыта алады (Қорынттықтарға 1-хат 6:18). Мұндай адамдар некеге дейінгі жыныстық қатынастан келетін уайым мен өкініштен аулақ болып, отау құрған кезде некелік өмірдің ләззатын көреді.