Матай 19:1—30

  • Неке және ажырасу (1—9)

  • Салтбастылық сыйы (10—12)

  • Исаның балаларға бата беруі (13—15)

  • Бай жігіттің сұрағы (16—24)

  • Патшалық үшін жасалатын құрбандықтар (25—30)

19  Осыларды айтып болған соң, Иса Ғалилеядан шығып, Иорданның арғы бетіндегі Яһудеямен шегаралас аймаққа келді+.  Оның соңынан көп халық ерді, сол жерде Иса науқастарды сауықтырды.  Сонда оған парызшылдар келді де, сынамақ болып: “Күйеуінің әйелімен кез келген себеппен ажырасқаны дұрыс па+?”— деді.  Ол: “Жаратушының о баста адам баласын бірін еркек, бірін әйел етіп жаратқанын оқымап па едіңдер+?  Жоқ әлде оның былай дегенін оқыған жоқсыңдар ма: “Сондықтан еркек әке-шешесін қалдырып, әйеліне қосылады*, сөйтіп, екеуі біртұтас* болады”+.  Енді олар екеу емес, біртұтас. Олай болса, Құдай қосқанды* адам баласы ажыратпасын+!”— деп жауап қайырды.  Сонда әлгілер: “Ендеше, Мұса неге күйеудің талақ қағазын беріп, әйелімен ажырасуына рұқсат еткен+?”— деп сұрады.  Исаның жауабы мынау болды: “Мұса жүректерің қатуланып кеткендіктен әйелдеріңмен ажырасуға рұқсат еткен+. Бірақ әуел баста бұлай болмаған+.  Сондықтан мен сендерге былай деймін: кім әйелімен азғындықтан* басқа себеппен ажырасып, өзге біреуге үйленсе, неке адалдығын бұзады+”. 10  Сонда шәкірттері: “Егер неке деген осындай болу керек болса, онда үйленбеген артық”,— деді. 11  Бұған Иса: “Бәрі бірдей бұлай өмір сүре алмайды, тек осындай сыйы барлар+ ғана солай ете алады. 12  Өйткені кейбіреулер некеге жарамайтын болып туылған, басқа біреулерді адамдар солай еткен, ал тағы біреулер Көк Патшалығы үшін некеге тұрудан бас тартқан. Кім осылай өмір сүре алатын болса, солай етсін+”,— деді. 13  Бұдан кейін үстеріне қолын қойсын* әрі солар үшін дұға етсін деп, жұрт Исаға балаларын әкеле бастады. Бірақ шәкірттері оларға тыйым салды+. 14  Алайда Иса: “Балалардың маған келуіне жол беріңдер, маған келуіне кедергі жасамаңдар, өйткені Көк Патшалығы осындайлар үшін+”,— деді. 15  Сөйтіп, олардың үстеріне қолын қойды. Сосын ол жерден кетіп қалды. 16  Исаға бір жігіт келіп: “Ұстаз, мәңгілік өмірге ие болу үшін қандай ізгілік жасауым керек?”+— деп сұрады. 17  “Неге менен ізгілік туралы сұрайсың? Тек Құдай ғана ізгі+. Мәңгілік өмірге ие болғың келсе, Құдай заңдарын орындап жүр+”,— деп жауап берді ол. 18  Жігіт: “Қайсыларын?”— дегенде, Иса: “Кісі өлтірме+, неке адалдығын бұзба+, ұрлық жасама+, жалған куәлік берме+, 19  әке-шешеңді құрметте+ және өзге адамды өзіңді сүйгендей сүй+”,— деп жауап берді. 20  Сонда жас жігіт: “Бұлардың бәрін орындап жүрмін. Маған тағы не істеу керек?”— деп сұрағанда, 21  Иса: “Егер мінсіз* болғың келсе, бар да, мал-мүлкіңді сат. Түскен ақшаны кедей-кепшіктерге бер, сонда қазынаң көкте болады+, ал өзің келіп, ізбасарым бол+”,— деді. 22  Мұны естігенде, жігіттің көңілі түсіп, кетіп қалды, өйткені дүние-мүлкі аса көп еді+. 23  Иса шәкірттеріне былай деді: “Сендерге шындығын айтамын, бай адамның Көк Патшалығына кіруі қиын болады+. 24  Тағы да былай деймін: байдың Құдай Патшалығына кіруінен гөрі түйенің ине көзінен өтуі оңайырақ+”. 25  Мұны естіген шәкірттері қатты таңғалып: “Онда кім құтқарыла алады+?”— десті. 26  Иса оларға тіке қарап: “Бұл адамның қолынан келмейді, бірақ Құдайдың қолынан бәрі келеді+”,— деді. 27  Сонда Петір оған: “Міне, біз бәрін тастап, соңыңыздан ердік+. Бұл үшін не аламыз?”— дегенде, 28  Иса оларға былай деді: “Сендерге шындығын айтамын, бәрі жаңаратын уақытта, Адам Ұлы салтанатты тағына отырғанда, менің соңымнан ерген сендер 12 таққа отырып, Исраилдің 12 руын соттайтын боласыңдар+. 29  Менің есіміме бола үй-жайын, бауырларын, әпке-қарындастарын, әкесін не шешесін, бала-шағасын не танабын қалдырған әркім бұларды жүз есе артығымен алады және мәңгілік өмірді мұра етеді+. 30  Бірақ көптеген біріншілер соңғы, ал соңғылар бірінші болады+.

Сілтемелер

Сөзбе-сөз “қатты жабысады”.
Сөзбе-сөз “бір тән”.
Сөзбе-сөз “бір мойынтұрыққа жеккенді”.
Грекше “порниа”. Түсіндірмені қараңыз.
Немесе “бата берсін”.
Немесе “кемелді”.