Мазмұнға өту

“Ізгі хабарды жариялаңдар!”

Ехоба куәгерлерінің 2024 жылғы конгресі

Кіру тегін Ешқандай ақша жиналмайды

Бағдарламаға шолу

Жұма: Иса пайғамбардың өмірі жайлы Інжілде ақиқат жазылғанына дәлелдер келтіріледі. Сондай-ақ сол оқиғалардың бізге қандай пайдасы бар екенін көреміз.

Сенбі: Исаның туылуы мен балалық шағына қатысты қандай пайғамбарлықтар айтылғанын және олар қалай орындалғанын білеміз.

Жексенбі: Әлемдегі жағдай барған сайын ушығып жатса да, еш үрейленбей, болашаққа зор сенімділікпен қарап жүрген миллиондаған адам бар. Бұның себебі “Біз жаман жаңалықтардан неге қорықпаймыз?” деген Киелі кітапқа негізделген баяндамада айтылады.

Киелі кітап драмасы

“Иса. Өмірі мен қызметі” (1- серия)

“Дүниеге шынайы жарық келді”

Иса керемет жолмен дүниеге келді. Оның балалық шағын ерекше еткен оқиға бұл ғана емес. Жауыз патша оны өлтірмекші болғанда, ата-анасы оны алып, Мысырға қашып кетті. Кейін ол ең білімді деген ұстаздардың өзін қайран қалдырды. Осы және басқа да оқиғаларды жұма мен сенбі күні көрсетілетін 2 бөлімнен тұратын видеодан тамашалай аласыз.

Осы жылғы конгресс жайлы келесі видеоларды көріңіз

Аймақтық конгрестер қалай өтеді?

Ехоба куәгерлерінің аймақтық конгресі қалай өтетінін көріңіз.

Ехоба куәгерлерінің 2024 жылғы “Ізгі хабарды жариялаңдар!” атты аймақтық конгресі”

Осы жылғы аймақтық конгресс не жайлы болатынын көріңіз.

Киелі кітап драмасының трейлері. “Иса. Өмірі мен қызметі

Иса пайғамбар қандай керемет жолмен дүниеге келгенін білмейтін адам жоқ шығар. Ал оған дейін және одан кейін қандай ерекше оқиғалар болғанын білесіз бе?