Зәбүр 55:1—23

  • Досы сатып кеткенде айтылған дұға

    • Жақын достың мазақ қылуы (12—14)

    • “Бар ауыртпалығыңды Ехобаға арт” (22)

Ән-күй жетекшісіне. Ішекті аспаптың сүйемелдеуімен орындалуға арналған. Маскил*. Дәуіттің жыры. 55  Дұғамды ести көрші, уа, Құдайым+,Мейіріміңді түсіруді сұраған өтінішімді елеусіз қалдырмашы*+.   Маған назарыңды салып, жауап бере көрші+. Уайымым маған тыным берер емес+,Әбден мазам қашты.   Дұшпанымның айтқан сөзінен,Зұлымның қыспаққа алғанынан солай болды. Олар азабыма азап қосуын қояр емес,Ашуға мініп, жауласуын тыяр емес+.   Жүрегім кеудемде аласұрып қиналады+,Бойымды өлім қорқынышы биледі+.   Үрейленіп, діріл қағамын,Тұла бойым қалтырайды.   Мен былай деп тілеймін: “Шіркін, кептердікіндей қанатым болса ғой! Ұшып кетіп, қауіпсіз жерге тұрақтар ем.   Шалғай жаққа ұшып кетер ем+,Шөл далаға барып қонақтар ем+. (Села)   Долы желден, сұрапыл дауылданПаналайтын жерге асығар ем”.   Уа, Ехоба, оларды абыржытып, жоспарларын бұзшы+,Өйткені мен қалада болып жатқан зорлық пен толқуды көрдім. 10  Олар күні-түні қала қабырғасының үстінде аңдып жүреді,Қала ішін зымияндық пен пәле жайлаған+. 11  Қала іші тас-талқан,Оның алаңынан зорлық пен жалғандық арылған емес+. 12  Себебі мені мазақ етіп жатқан — жауым емес+,Әйтпесе бұған шыдар ем. Маған қарсы бас көтерген — дұшпаным емес,Әйтпесе одан жасырынып қалар ем. 13  Сен өзіммен тең адамсың+,Өзім жақсы білетін серігімсің+. 14  Екеуміз жақсы дос едік,Жұртпен бірге Құдай үйіне де бірге барушы едік. 15  Дұшпандарым тас-талқан боп күйресе екен+! Тірідей көрге* кірсе екен. Себебі араларында да, көңілдерінде де зұлымдық мекендейді. 16  Ал мен Құдайды көмекке шақырамын,Сонда Ехоба мені құтқарады+. 17  Таңертең де, түсте де, кешке де тыным таппаймын, ыңқылдаймын+,Құдай болса үніме құлақ салады+. 18  Ол құнымды өтеп алады, шайқасқан жауымнан жанымды аман сақтайды. Өйткені көп адам маған қарсы шықты+. 19  Ежелден тағында отырған Құдай+ мені естіп, оларға қарсы шығады+. (Села) Құдайдан қорықпайтын олар өзгеруден бас тартады+. 20  Ол* өзімен тату болғандарға шабуылдады+,Жасасқан келісімін бұзды+. 21  Айтқан сөздері адамға майдай жағады+,Бірақ жүрегі қастыққа толы. Айтқан сөздері зәйтүн майынан да жағымды,Бірақ семсердей өткір+. 22  Бар ауыртпалығыңды Ехобаға арт+,Ол сені демейді+. Әділ жанның құлауына ол ешқашан жол бермейді+. 23  Бірақ сен, уа, Құдайым, зұлымдарды терең орға түсіресің+. Қан төгушілер мен алдамшылар ұзақ жасамай, өмірден өтеді+. Ал мен өзіңе арқа сүйеймін.

Сілтемелер

Немесе “Көмек сұрағанымда, менен жасырынбашы”.
Еврейше “шеол”. Түсіндірмені қараңыз.
Яғни 13, 14-те айтылған бұрынғы досы.