Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

18-СҰРАҚ

Құдайға қалай жақындауға болады?

“Сен [Құдай] дұғаларды тыңдайсың; Өзіңе мінажат етуге әртүрлі адам келеді”.

Зәбүр 65:2

“Ехобаға бар жүрегіңмен сенім арт, Өз ақылыңа сүйеніп жүрме. Барлық ісіңде оны ескер, Сонда ол жолыңды тегістер”.

Нақыл сөздер 3:5, 6

“Мәңгілік өмірге ие болу үшін сені, жалғыз шынайы Құдайды, және өзің жіберген Иса Мәсіхті танып-білу керек”.

Жохан 17:3

“Шындығында [Құдай] әрқайсымыздан алыс емес”.

Елшілердің істері 17:27

“Мен үнемі дұға етіп, тура білімдерің мен түсініктерің тереңдеп, сүйіспеншіліктерің арта берсе екен... деп сұраймын”.

Філіпіліктерге 1:9, 10

“Қайсыбіреуіңе даналық жетпей жатса, жомарттықпен әрі еш жазғырмай бере салатын Құдайдан сұрай берсін, сонда оған беріледі”.

Жақып 1:5

“Құдайға жақындаңдар, сонда ол да сендерге жақындайды. Күнәкарлар, қолдарыңды жуыңдар! Екіойлылар, жүректеріңді тазартыңдар!”

Жақып 4:8

“Құдайды сүю дегеніміз — оның өсиеттерін орындау. Ал оларды орындау қиын емес”.

Жоханның 1-хаты 5:3