Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

16-СҰРАҚ

Қалай уайым-қайғыға салынбауға болады?

“Бар ауыртпалығыңды Ехобаға арт, Ол сені демейді. Әділ жанның құлауына ол ешқашан жол бермейді”.

Зәбүр 55:22

“Ынталының жоспарлары табысқа жетелер, Ал асығатын адам жоқшылыққа ұшырар”.

Нақыл сөздер 21:5

“Еш қорықпа, мен саған жар боламын. Еш абыржыма, мен сенің Құдайыңмын. Мен сені нығайтамын, саған көмектесемін, Әділдігіме сай, оң қолыммен сүйемелдеймін”.

Ишая 41:10

“Уайымдаумен қайсысың өміріңді бір сәтке болсын ұзарта аласың?”

Матай 6:27

“Сонымен, ешқашан ертеңгі күнді ойлап уайымдамаңдар, өйткені ертеңгі күннің өз уайымы бар. Әр күннің қиыншылығы өзіне жеткілікті”.

Матай 6:34

“Ненің маңыздырақ екеніне көз жеткізіңдер”.

Філіпіліктерге 1:10

“Еш нәрсені уайымдамаңдар, барлық өтініштеріңді дұға етіп, жалбарынып, ризашылықпен Құдайға білдіріңдер. Сонда Құдайдың адам ақылынан асқан тыныштығы жүректерің мен ой-саналарыңды Мәсіх Иса арқылы сақтайды”.

Філіпіліктерге 4:6, 7