Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

1-СҰРАҚ

Құдай деген кім?

“Осылайша адамдар сенің есімің Ехоба екенін, Бүкіл жер бетін билейтін жалғыз Құдай Тағала екеніңді білсін”.

Зәбүр 83:18

“Ехобаның Құдай екенін біліп алыңдар. Бізді жаратқан — сол, біз оның меншігіміз”.

Зәбүр 100:3

“Мен Ехобамын. Бұл — менің есімім. Ұлылығымды ешкімге бермеймін, Даңқымды пұттармен бөліспеймін!”

Ишая 42:8

“Ехобаны атын атап шақырған әркім құтқарылады”.

Римдіктерге 10:13

“Әрбір үйдің салушысы бар, ал бәрінің Жаратушысы — Құдай”.

Еврейлерге 3:4

“Көкке көз жіберіп қараңдаршы, Ондағы жұлдыздарды кім жаратты? Кім оларды әскер іспетті түгендеп алып шығады, Әрқайсысын өз атымен шақырады? Оның құдіреті мен күші ғаламат зор болғандықтан, Олардың бәрі өз орындарында тұрады”.

Ишая 40:26