Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

17-СҰРАҚ

Киелі кітаптың отбасыңыз үшін қандай пайдасы бар?

КҮЙЕУЛЕР/ӘКЕЛЕР

“Тап солай, күйеулер әйелдерін өз тәніндей сүюлері керек. Әйелін сүйген өзін де сүйеді. Ешкім де өз тәнін жек көрмейді, қайта, оған нәр беріп, аялап күтеді... Әрқайсысың әйеліңді өзіңді сүйгендей сүй”.

Ефестіктерге 5:28, 29, 33

“Ал сендер, әкелер, балаларыңды ызаландырмаңдар, керісінше, Ехоба айтқандай тәрбиелеп, оның ақыл-кеңесін беріп өсіріңдер”.

Ефестіктерге 6:4

ӘЙЕЛДЕР

“Әйел болса күйеуіне зор құрмет көрсетсін”.

Ефестіктерге 5:33

“Әйелдер, Иемізбен байланыстағы сендер күйеулеріңе бағыныңдар”.

Қолостықтарға 3:18

БАЛАЛАР

“Балалар, ата-аналарыңа мойынсұныңдар, өйткені бұл Құдайдың еркіне сай әрі дұрыс. “Әке-шешеңді құрметте”. Бұл — келесі уәдемен қоса берілген алғашқы заң: “Сонда өзіңе жақсы болады, әрі жерде ұзақ ғұмыр кешесің”.

Ефестіктерге 6:1—3

“Балалар, әрдайым ата-аналарыңа мойынсұныңдар, өйткені бұл Иемізге ұнайды”.

Қолостықтарға 3:20