Зәбүр 115:1—18

  • Ұлылық тек Құдайға тиесілі

    • Жансыз пұттар (4—8)

    • Жер адам баласына берілген (16)

    • “Өлілер Ехобаны мадақтамайды” (17)

115  Біздің емес, уа, Ехоба, біздің емес,Сенің есімің мадақталсын+. Өйткені сен адалсың, айнымас сүйіспеншілігің мол+.   Халықтарға: “Олардың Құдайлары қайда?”— дегізіп не керек+?   Құдайымыз біздің көкте,Ол не қаласа, соны істейді.   Ал халықтардың пұттары адам қолымен жасалған алтын мен күміс қана+.   Олардың аузы бар, бірақ сөйлей алмайды+,Көздері бар, бірақ көре алмайды.   Құлақтары бар, бірақ ести алмайды,Мұрындары бар, бірақ иіскей алмайды.   Қолдары бар, бірақ ұстай алмайды,Аяқтары бар, бірақ жүре алмайды+. Көмейлерінен де дауыс шықпайды+.   Осындай пұттарды жасайтындар да+,Оларға арқа сүйейтіндер де дәл солар сияқты болады+.   Ей, Исраил, Ехобаға арқа сүйе+,Ол — көмекшің әрі қалқаның+. 10  Ей, Харон үйі+, Ехобаға арқа сүйе,Ол — көмекшің әрі қалқаның. 11  Ехобадан қорқатындар, Ехобаға арқа сүйеңдер+,Ол — көмекшілерің әрі қалқандарың+. 12  Ехоба бізді ұмытпайды, ол бізді жарылқайды,Ол Исраил үйін жарылқайды+,Ол Харон үйін жарылқайды. 13  Ехоба өзінен қорқатындардың бәрін,Ұлығын да, кішігін де* жарылқайды. 14  Ехоба сені өркендетеді,Балаларыңды да өсіріп-өндіреді+. 15  Лайым көк пен жердің Жаратушысы Ехоба+ сендерді жарылқасын+! 16  Көк Ехобаға тиесілі+,Ал жерді ол адам баласына берді+. 17  Өлілер Ехобаны* мадақтамайды+,Қабірде жатқандар да бұлай ете алмайды+. 18  Ал біз бұдан былай мәңгі бақи Ехобаны* мадақтаймыз. Ехобаны* мадақтаңдар!

Сілтемелер

Немесе “үлкенін де, кішісін де”.
Сөзбе-сөз “Ях”. Ях — Ехоба деген есімнің қысқа түрі.
Сөзбе-сөз “Ях”. Ях — Ехоба деген есімнің қысқа түрі.
Сөзбе-сөз “Ях”. Ях — Ехоба деген есімнің қысқа түрі.