Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

5-СҰРАҚ

Киелі кітапта қандай хабар жазылған?

“Мен әйел екеуіңді, сенің ұрпағың мен әйелдің ұрпағын өзара өштестіріп қоямын. Әйелдің ұрпағы сенің басыңды мыжиды, ал сен оның өкшесін шағасың”.

Мұсаның 1-жазбасы 3:15

“Менің сөзіме құлақ асқаның үшін, сенің ұрпағың арқылы жер бетіндегі барлық халықтарға батам қонады”.

Мұсаның 1-жазбасы 22:18

“Сенің Патшалығың келсін! Сенің еркің көктегідей жер бетінде де орындалсын!”

Матай 6:10

“Тыныштық сыйлайтын Құдай жуырда сендерге Шайтанды жаныштайтын билік береді”.

Римдіктерге 16:20

“Құдай өз Ұлына бәрін бағындырған соң, Ұлы да өзіне бәрін бағындырған Құдайға бағынатын болады. Осылайша Құдай бірден-бір Билеуші болмақ”.

Қорынттықтарға 1-хат 15:28

“Ыбырайым мен оның ұрпағына [яғни Мәсіхке] уәделер берілген... Сонымен қатар Мәсіхке тиесілі болғандықтан, сендер шынымен Ыбырайымның ұрпағысыңдар”.

Ғалаттықтарға 3:16, 29

“Дүниенің үстінен патшалық ету билігі енді Иемізге және Мәсіхке тиесілі. Ол мәңгі бақи патшалық етеді!”

Аян 11:15

“Осылайша алып айдаһар — бүкіл жержүзін адастырып жүрген Ібіліс әрі Шайтан деп аталған ежелгі жылан — жерге лақтырылды, онымен бірге періштелері де лақтырылды”.

Аян 12:9

“Ол айдаһарды — ежелгі жылан, яғни Ібіліс Шайтанды — ұстап алып, 1000 жылға бұғаулап тастады”.

Аян 20:2