Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

10-СҰРАҚ

Киелі кітапта болашақ жайлы не делінген?

“Әділдер жерді мұра етеді, Онда мәңгі бақи өмір сүреді”.

Зәбүр 37:29

“Жер мәңгілік тұрады”.

Уағыздаушы 1:4

“Өлімді біржола жоқ қылады, Әлемнің Әміршісі Ехоба барлық көз жасты сүртеді”.

Ишая 25:8

“Сонда зағиптардың көздері, Саңыраулардың құлақтары ашылады. Ақсақ адам еліктей секіреді, Мылқау қуана айғайлайды. Шөл далада бұлақтар қайнап, Құла түзде жылғалар ағады”.

Ишая 35:5, 6

“Сонда Құдай олардың көзіндегі әрбір жасты сүртіп тастайды, енді қайтып өлім, жоқтау, зар еңіреу мен ауру болмайды. Бұрынғы жайттар құрып жоқ болды”.

Аян 21:4

“Жұрт үйлер салып, соларға қоныстанады, Жүзімдіктер отырғызып, жемісін жейтін болады. Олар үйді өзге біреу тұрсын деп салмайды, Жүзімдікті де жемісін өзгелер жесін деп отырғызбайды. Өйткені халқымның ғұмыры мықты ағаштың ғұмырындай ұзақ болады, таңдаулыларым еңбектерінің рақатын көреді”.

Ишая 65:21, 22