Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Ә1

Киелі кітаптағы хабар

Ехоба Құдайдың билік етуге толық құқы бар және ол — ең жақсы билеуші. Құдайдың жерге және адамзатқа қатысты ниеті жүзеге асады.

Б. з. б. 4026 ж. кейін

“Жылан”, яғни Шайтан, Ехоба Құдайдың билік ету құқына және жақсы билеуші екеніне күмән келтірді. Ехоба “ұрпақ” деп аталған біреудің келіп, “жыланның басын мыжитынын” уәде етті (Мұсаның 1-жазбасы 3:1—5, 15 сілт.). Сол уақытқа дейін Ехоба адамдарға жыланның ықпалында болып, өз-өздеріне билік етуіне жол берді.

Б. з. б. 1943 ж.

Ехоба Ыбырайым пайғамбарға үрім-бұтағынан уәде етілген “ұрпақ” шығатынын айтты (Мұсаның 1-жазбасы 22:18).

Б. з. б. 1070 ж. кейін

Ехоба Дәуіт патшаға және оның ұлы Сүлейменге “ұрпақтың” солардың әулетінен шығатынын айтты (Самуилдің 2-жазбасы 7:12, 16; Патшалар 1-жазба 9:3—5; Ишая 9:6, 7).

Б. з. 29 ж.

Ехоба Исаның Дәуіт тағының мұрагері әрі уәде етілген “ұрпақ” екенін көрсетті (Ғалаттықтарға 3:16; Лұқа 1:31—33; 3:21, 22).

Б. з. 33 ж.

Жылан, яғни Шайтан, Исаны өлтіріп “ұрпақты” уақытша зақымдады. Ехоба Исаны көкке қайта тірілтті және оның кемелді өмірін адамзат күнәсін өтейтін құн ретінде қабыл алды. Осылайша Адам атаның ұрпақтарына Құдайдың кешіріміне ие болуға және мәңгі өмір сүруге жол ашылды (Мұсаның 1-жазбасы 3:15; Елшілердің істері 2:32—36; Қорынттықтарға 1-хат 15:21, 22).

Шамамен б. з. 1914 ж.

Иса Шайтанды жер бетіне лақтырып, оның ықпал ету аясын шектеді (Аян 12:7—9, 12).

Болашақта

Иса Шайтанды 1000 жылға бұғаулайды, кейін біржолата жояды, бейнелі тілмен айтқанда, басын мыжиды. Ехобаның жерге және адамзатқа қатысты бастапқы ниеті жүзеге асып, есімі жаладан тазартылады және оның ең жақсы билеуші екені дәлелденеді (Аян 20:1—3, 10; 21:3, 4).