Зәбүр 127:1—5

  • Құдайсыз істеген істің бәрі бекер

    • “Үйді Ехоба салмаса” (1)

    • Балалар — Құдайдың сыйы (3)

Қалаға өрлеп бара жатқанда айтылатын ән. Сүлейменнің жыры. 127  Үйді Ехоба салмаса,Құрылысшылардың ауыр еңбегі бекер+. Қаланы Ехоба күзетпесе+,Күзетшілердің сергек жүргені бекер.   Сендердің ерте тұрып, кеш жатқандарың да,Нан табу үшін тер төккендерің де бекер. Өйткені Құдай өзі сүйетіндердің қамын жасайды;Олар бейқам ұйықтайды+.   Міне, балалар — Ехобаның берген мұрасы+;Іштен шыққан перзент — оның сыйы+.   Адамның жас кезінде туған ұлдарыЖауынгердің қолындағы жебелерге ұқсайды+.   Қорамсағын осындай жебеге толтырғандар бақытты+,Олар ұятқа қалмайды,Өйткені олар қақпа алдында жауларымен сөйлеседі.

Сілтемелер