Зәбүр 10:1—18

  • Ехоба — бейшаралардың көмекшісі

    • Зұлым тәкаппарланып: “Құдай жоқ!”— дейді (4)

    • Бейшаралар Ехобаға үміт артады (14)

    • “Ехоба — мәңгілік Патша” (16)

ל [Ламед] 10  Уа, Ехоба, неге сонша алыстасың? Қиын шақтарда неге жасырынасың+?   Зұлым адам паңдана үмітсіз жанды қудалайды+,Бірақ қулық-сұмдықтарына өзі шырмалады+.   Өйткені зұлым арам пиғылына мақтанады+,Ашкөз адамға батасын жаудырады*. נ [Нун] Ехобаның абыройын аяқасты қылады.   Зұлым тәкаппарланып Құдайды іздемейді,Жатса да, тұрса да: “Құдай жоқ!”— дейді+.   Тасы әрқашан өрге домалайды+,Бірақ сенің шешімдеріңді мүлдем ұқпайды+. Ол жауларының бәрін мазақ етеді,   Іштей: “Мені ешкім шайқалта алмайды,Ұрпақтан ұрпаққа пәле де жоламайды”,— дейді+. פ [Пе]   Аузы толған қарғыс, өтірік пен қоқан-лоқы+,Тек қайғы мен қасірет әкеледі айтқан сөзі+.   Ауыл сыртында тасаланып торуылдап отырады,Тасада отырып, кінәсіз адамды мерт қылады+. ע [Аин] Бейбақ жемтігіне көзін қадайды+,   Апанындағы арыстандай тосқауылда отырады+,Қорғансыз жанды ұстап алу үшін күтіп жатады. Торын тартып, оны қармайды+. 10  Жемтігі мысы құрып, жерге жығылады,Бейшаралар зұлымның тырнағына ілігеді. 11  Зұлым іштей: “Құдай істерімді ұмытты+. Ол жүзін теріс бұрды, ештеңені аңғармайды”,— дейді+. ק [Коф] 12  Көтерілші, Ехоба+! Уа, Құдай, қолыңды асқақтатшы+. Дәрменсіз жандарды ұмыт қалдырмашы+. 13  Неге зұлым адам Құдайды қадірлемейді? Іштей: “Ол жауапқа тартпайды”,— дейді. ר [Реш] 14  Бірақ сен қайғыны да, қасіретті де көресің. Бәрін бақылап, мәселені өз қолыңа аласың+. Жемтік болған бейбақ өзіңе үміт артады+,Жетім баланың көмекшісі сенсің+. ש [Шин] 15  Зұлым да залым адамның қолын сындыршы+,Сонда оның зұлым ісін іздегеніңде, бірде-бірін таппайсың. 16  Ехоба — мәңгілік Патша+. Халықтар жер бетінен құрып кетті+. ת [Тав] 17  Бірақ сен, уа, Ехоба, момындардың жалбарынған үнін естисің+,Жүректерін нығайтасың+, оларға мұқият құлақ асасың+. 18  Сен жетім мен бейшара үшін әділдік орнатасың+,Сонда топырақтан жаратылған пенде енді қайтып оларды қорқытпайды+.

Сілтемелер

Мүмкін: “Ашкөз адам өзін мадақтайды”.