Елшілердің істері 7:1—60

  • Степанның Жоғарғы кеңестің алдында сөз сөйлеуі (1—53)

    • Рубасылардың заманы (2—16)

    • Мұсаның басшылығы; Исраилдің пұтқа табынуы (17—43)

    • Алла Тағала адам қолымен соғылған үйлерде тұрмайды (44—50)

  • Степанның тас лақтырылып өлтірілуі (54—60)

7  Сонда бас діни қызметкер: “Осылар рас па?”— деп сұрады.  Степанның жауабы мынау болды: “Ағайындар мен ақсақалдар, сөзіме құлақ салыңыздар. Арғы атамыз Ыбырайым Харанға қоныстанбас бұрын+, Месопотамияда жүрген кезінде, оған даңққа бөленген Құдай көрініп:  —Жеріңді, туған-туысыңды қалдырып, мен көрсететін елге бар+,— деді.  Сөйтіп, ол халдейлердің жерінен кетіп, Харанға қоныс тепті. Ал әкесі қайтыс болғанда+, Құдай оған қазір өздеріңіз тұрып жатқан осы жерге көшуді бұйырды+.  Бұл жерде Құдай Ыбырайымға мұраға тіпті алақандай* да жер бермеді, бірақ оны өзіне әрі кейінгі ұрпақтарына, әлі баласы болмаса да, иелікке беруді уәде етті+.  Сондай-ақ ұрпақтарының бөтен елді мекендейтінін және 400 жыл бойы құл болып, қасірет шегетінін айтты+.  Құдай: —Оларды құлдықта ұстаған халыққа үкім шығарамын+. Сосын олар сол елден шығып, маған осында ғибадат ететін болады+,— деді.  Сонымен қатар Құдай Ыбырайыммен сүндеттеу келісімін жасады+. Ол ұлды болып, баласы Ысқақты+ сегізінші күні сүндетке отырғызды+. Ысқақ Жақыпқа әке болды*, ал Жақып 12 әулетбасына* әке болды.  Әулетбасылары Жүсіпті көре алмай+, оны мысырлықтарға сатып жіберді+. Бірақ Құдай оған жар болып+, 10  барлық қиындығынан құтқарды. Оған даналық беріп, Мысыр патшасы перғауынның ықыласына бөледі. Перғауын оны бүкіл Мысыр елінің және өз үйінің үстінен қараушы етіп тағайындады+. 11  Сол кездері Мысыр мен Қанаханды аштық жайлап, халық зор қасірет шекті. Ата-бабамыз ас-судан тапшылық көрді+. 12  Жақып Мысырда мол азық қоры бар екенін естіп, ұлдарын сол жаққа жіберді+. 13  Екінші рет барған кездерінде, Жүсіп бауырларына өзінің кім екенін айтты. Содан перғауынға Жүсіптің туған-туыстары мәлім болды+. 14  Жүсіп хабар жіберіп, әкесі Жақыпты және туыстарының барлығын, бас-аяғы 75 жанды+, шақыртты+. 15  Жақып Мысырға қоныс аударды+. Сол жерде өзі де, ұлдары да дүниеден өтті+. 16  Олардың сүйектері Сихемге апарылып, Ыбырайым Хамор ұлдарынан күміс ақшаға сатып алған қабірге қойылды+. 17  Құдайдың Ыбырайымға берген уәдесін орындайтын уақыты жақындаған сайын, Мысырда жүрген Исраил халқы көбейе берді. 18  Сол уақытта Жүсіпті білмейтін басқа адам Мысыр патшасы болды+. 19  Ол халқымызға зымияндық жасап, жаңа туған нәрестелері тірі қалмау үшін, ата-бабамызды оларды тастап кетуге мәжбүрледі+. 20  Сол кездері Мұса дүниеге келді, ол Құдайдың көз алдында өте көрікті болды. Әке-шешесі оны үш ай бойы үйінде бақты+. 21  Ал нәрестелерін тастап кеткенде+, перғауынның қызы оны тауып алып, өз ұлындай өсірді+. 22  Мұса мысырлықтардың бүкіл даналығын меңгеріп, сөзімен де, ісімен де ықпалды болды+. 23  Жасы 40-қа келгенде Мұса бауырларының, Исраил ұлдарының, жағдайын білуді шешті+. 24  Сонда бір мысырлықтың исраилдікті жәбірлеп жатқанын байқаған ол бауырын қорғамақ болып, мысырлықты өлтірді. Сөйтіп, ол үшін кек алды. 25  Мұса исраилдіктерді құтқару үшін Құдай өзін қолданғалы жатқанын бауырлары түсінеді деп ойлады. Алайда олар мұны ұқпады. 26  Келесі күні Мұса екі исраилдіктің төбелесіп жатқанын көріп, оларды татуластыру үшін: —Сендер бір-біріңе бауыр емессіңдер ме?! Неге төбелесіп жатырсыңдар?— деді. 27  Алайда бауырын жәбірлеп жатқаны болса Мұсаның бұл сөздерін жақтырмай, итеріп жіберіп: —Кім сені бізге билеуші әрі төреші етіп қойды? 28  Кешегі мысырлыққа істегеніңді маған да істемексің бе?— деді. 29  Осы сөздерді естігеннен кейін, Мұса Мысырдан қашып шығып, Мадиян жерінде жатжерлік ретінде өмір сүрді. Сол жақта үйленіп, екі ұл сүйді+. 30  Содан 40 жыл өткен соң, Синай тауының маңындағы шөл далада* тікенді бұтаның арасынан жалындаған от болып бір періште көрінді+. 31  Мұны байқаған Мұса қатты таңғалып, анықтап көру үшін жақындағанда, Ехобаның даусы естілді. 32  —Мен сенің ата-бабаларыңның Құдайымын. Ыбырайымның, Ысқақтың және Жақыптың Құдайымын+,— деді ол. Қатты қорыққан Мұсаның одан әрі үңіліп қарауға дәті бармады. 33  Ехоба оған: —Сандалыңды шеш, өйткені сен тұрған жер киелі. 34  Мен Мысырдағы халқымның жәбірленіп жатқанын көрдім, әрі олардың жанайқайын естідім+, сондықтан оларды құтқару үшін төмен түстім. Енді мен сені Мысырға жіберемін,— деді. 35  Кезінде бауырлары: —Кім сені бізге билеуші әрі төреші етіп қойды+?— деп, бас тартқан осы Мұсаны Құдай тікенді бұтадан көрінген періште арқылы билеуші әрі құтқарушы етіп жіберді+. 36  Ол Мысырда, Қызыл теңізде+ және 40 жыл бойы шөл далада+ кереметтер мен белгілер көрсетіп+, халықты алып шықты+. 37  Исраил ұлдарына: —Құдай сендер үшін бауырларыңның арасынан мен сияқты бір пайғамбар шығарады+,— деген осы Мұса еді. 38  Ол шөл далада жүрген Исраил халқының арасында болды. Синай тауында өзіне сөйлеген+ періштемен+ және ата-бабаларымызбен бірге жүріп, сіздерге Құдайдың тірі де қасиетті сөздерін жеткізген кісі де осы Мұса еді+. 39  Алайда ата-бабаларымыз оған бағынудан бас тартты+. Олар оны керек етпей, жүректерінде Мысырға қайтуды аңсап+, 40  Харонға: —Бізді бастап жүретін құдайлар жасап бер. Өйткені бізді Мысырдан алып шыққан анау Мұсамен не болғанын білмейміз+,— деді. 41  Содан олар бұзау мүсінін жасап, оған құрбандық әкелді, өз қолдарынан шыққан мүсінге арнап той жасады+. 42  Ал Құдай олардан теріс айналып, аспан денелеріне табынуларына жол берді+. Бұл туралы пайғамбарлар жазбаларында: —Уа, Исраил үйі, шөл далада 40 жыл бойы ұсынған түрлі құрбандықтарыңды маған арнамадыңдар, солай емес пе? 43  Сендер табыну үшін жасап алған мүсіндеріңді — Молохтың*+ шатырын және Ремфан құдайының жұлдыз бейнесін — өздеріңмен бірге алып жүрдіңдер. Сол үшін мен сендерді Бабылдан ары жер аудартып жіберемін+,— делінген. 44  Шөл далада жүрген ата-бабаларымыздың куәлік шатыры болды. Мұса бұл шатырды көрген үлгісі бойынша, Құдай онымен сөйлескенде қалай бұйырса, дәл солай жасады+. 45  Кейінгі бабаларымыз оны мұра етіп, Ешуамен бірге өзге халықтар мекендеген жерге алып барды+. Құдай бұл халықтарды ата-бабаларымыз үшін сол жерден қуған еді+. Шатыр Дәуіттің күндеріне дейін сол жерде қала берді. 46  Құдайдың ықыласына бөленген Дәуіт Жақыптың Құдайына арнап үй тұрғызу мәртебесін беруді сұрады+. 47  Алайда бұл үйді Сүлеймен тұрғызды+. 48  Бірақ Алла Тағала адам қолымен соғылған үйлерде тұрмайды+, бұл жайында бір пайғамбар былай деген еді: 49  —Көк — менің тағым+, ал жер — табан тіренішім+. Сонда маған қандай үй тұрғызбақсыңдар? Менің тұрағым қайда болмақ? 50  Бәрі де менің қолыммен жаратылды емес пе?— дейді Ехоба+. 51  Жүректері мен құлақтары жабық* қыңыр адамдар, сіздер үнемі киелі рухқа қарсы шығып, ата-бабаларыңыздың істегенін істеп жүрсіздер+. 52  Ата-бабаларыңыз қай пайғамбарды қудаламады+? Олар әділ адамның келетінін жариялағандарды өлтірді+. Осы әділ адамға сіздер опасыздық жасап, қанын төктіңіздер+. 53  Сіздерге періштелер арқылы Заң* берілді+, бірақ оны ұстанбадыңыздар”. 54  Мұны естігенде оларды ашу кернеп, Степанға тістерін қайрады. 55  Бірақ киелі рухқа кенелген Степан көкке көз тігіп, Құдайдың салтанаты мен оның оң жағында тұрған Исаны көрді де+: 56  “Міне, мен көктің ашылғанын және Құдайдың оң жағында тұрған+ Адам Ұлын көріп тұрмын+!”— деді. 57  Сонда олар қатты айқайлап, құлақтарын жауып, барлығы соған қарай атылды. 58  Оны қала сыртына сүйреп апарып, тас лақтыра бастады+. Куәгерлер+ жамылғыларын Саул+ есімді жас жігіттің алдына тастады. 59  Олар тас лақтырып жатқанда, Степан: “Ием Иса, өмірімді* өз қолыңа табыстадым”,— деп сиынды. 60  Сосын тізерлеп тұрып, қатты дауыспен: “Ехоба, оларды бұл күнәлары үшін жауапқа тарта көрме+!”— деді де, өлім ұйқысына кетті.

Сілтемелер

Сөзбе-сөз “бір табан”.
Мүмкін: “солай істеді”.
Немесе “рубасына”.
Сөзбе-сөз “сүндеттелмеген”.
Сөзбе-сөз “рухымды”. Түсіндірмені қараңыз.