Елшілердің істері 24:1—27

  • Пауылға қарсы шағымдар (1—9)

  • Пауылдың Феликстің алдында өзін қорғап сөйлеуі (10—21)

  • Пауылға қатысты істің екі жылға созылуы (22—27)

24  Бес күн өткеннен кейін бас діни қызметкер Анани+ қасына бірнеше ақсақал мен Тертул есімді заңгерді ертіп келіп, әміршіге+ Пауылға қарсы шағымдарын жеткізді.  Тертулға сөз берілгенде, ол Пауылды былай деп айыптай бастады: “Жоғары мәртебелі Феликс, сіздің арқаңызда біз керемет тыныштыққа қол жеткіздік. Көрегендігіңіздің арқасында елде жақсы өзгерістер жасалып жатыр.  Біз бұның бәрін әрдайым және барлық жерде зор ризашылықпен қабылдаймыз.  Сіздің көп уақытыңызды алмас үшін, қысқаша сөйлейін. Мейірімділік танытып, сөзімізге құлақ сала көріңіз.  Біз мына кісіні бүлікші+, жержүзіндегі яһудилердің арасына лаң салушы+ және назареттіктер сектасының жетекшісі деп таптық+.  Сонымен қатар ол ғибадатхананы да арамдамақ болды. Ал біз оны ұстап алдық+.  * ——  Оны өзіңіз тергегенде, айтып жатқанымыздың растығына көз жеткізе аласыз”.  Яһудилер де осы айтылғандарды құптап, Пауылға қарсы сөйлей бастады. 10  Әмірші басын изеп, Пауылға сөз бергенде, ол былай деді: “Сіздің мына елге көп жыл бойы төрелік етіп жүргеніңізді жақсы білемін. Сондықтан алдыңызда тұрып, өзімді қорғап сөйлеуге қуаныштымын+. 11  Иерусалимге+ ғибадат етуге барғаныма 12 күн ғана болды. Мұны өзіңіз де анықтай аласыз. 12  Олардың ешқайсысы ғибадатханада біреумен айтысқанымды, я болмаса мәжілісханаларда не қалада жүріп, жұртты бүлікке бастағанымды көрген емес. 13  Бұған қоса, олар қазір таққан айыптарын дәлелдей алмайды. 14  Десе де мен олар секта деп атаған жолда жүріп, осылай ата-бабаларымыздың Құдайына+ қасиетті қызмет атқарып жүргенімді мойындаймын және Мұса Заңы мен пайғамбарлар жазбаларында жазылғандардың барлығына сенемін+. 15  Мен де олар сияқты, Құдайдың әділдерді* де, әділетсіздерді де+ қайта тірілтетініне үміттенемін+. 16  Сондықтан Құдай алдында да, адамдардың алдында да ар-ұжданымды әрдайым таза сақтауға тырысамын+. 17  Біраз жыл өткен соң халқыма қайыр-садақа беріп+, Құдайға құрбандық шалу үшін Иерусалимге келдім. 18  Олар мені тазару рәсімінен өтіп+, ғибадатханада жүргенімде көрді. Қасыма ешқандай тобыр жиналған жоқ, бүлік те шығарған жоқпын. Бірақ сол жерде Азия* аймағынан келген яһудилер болды. 19  Олардың маған қарсы айтар сөзі болса, мені сіздің алдыңызда тұрып айыптаулары керек еді+, 20  я болмаса Жоғарғы кеңестің алдында тұрғанымда, менен қандай кінә тапқандарын осында тұрғандардың өздері айтсын. 21  Араларында тұрып: —Мен өлгендердің қайта тірілетініне сенгенім үшін сотталып жатырмын+,— деп айқайлағанымнан басқа еш айыбым жоқ”. 22  Бірақ осы Жол*+ туралы жақсы білетін Феликс: “Сендердің мәселелеріңді мыңбасы Лисий келгенде шешемін”,— деп, істі кейінге қалдырды. 23  Сосын жүзбасына Пауылды тұтқында ұстауды, оған аздап жеңілдіктер жасауды және достарының қамқорлық жасауына тыйым салмауды бұйырды. 24  Бірнеше күннен кейін Феликс Друзила есімді яһуди әйелімен келді де, Пауылды шақыртып алып, оның Мәсіх Исаға деген сенім жайлы айтқандарын тыңдады+. 25  Ол әділдік, ұстамдылық, алдағы Құдай соты+ жайлы айтқанда, Феликс қорқып кетіп: “Әзірге бара тұр, ыңғайы келгенде, тағы шақыртамын”,— деді. 26  Пара берер деген үмітпен ол Пауылды жиі шақыртып, сөйлесіп жүрді. 27  Екі жылдан кейін Феликстің орнына Порси Фест келді. Ал Феликс яһудилерге жаққысы келгендіктен+, Пауылды қамауда қалдырды.

Сілтемелер

Бұл үзінді грек тіліндегі көне қолжазбалардың кейбірінде кездеспейді. А3 қосымшасын қараңыз.
Яғни Құдайдың талаптарына сай өмір сүретіндерді.
“Азия” деп Рим империясының провинциясы жөнінде айтылып тұр.
Бұл Исаның ізбасарлары ұстанған жолға нұсқайды.