Елшілердің істері 11:1—30

  • Петірдің болған жайтты елшілерге баяндауы (1—18)

  • Барнаба мен Саул Сириядағы Антиохияда (19—26)

    • Шәкірттердің алғаш рет мәсіхшілер деп аталуы (26)

  • Агабтың аштық туралы пайғамбарлығы (27—30)

11  Яһудеядағы елшілер мен бауырластар басқа ұлт адамдарының Құдай сөзін қабыл алғанын естіді.  Петір Иерусалимге келгенде, сүндеттелу рәсімін жақтаушылар+ оны жазғырып:  “Сен сүндеттелмеген адамдардың үйіне барыпсың, олармен дастарқандас болыпсың”,— деді.  Сонда Петір барлығын бүге-шігесіне дейін түсіндіріп, былай деді:  “Иоппе қаласында дұға етіп отырғанымда, аян алып, үлкен зығыр матаға ұқсас нәрсенің төрт бұрышынан ұсталған күйі тура маған қарай түсірілгенін көрдім+.  Мұқият қарасам, онда жер бетіндегі төрт аяқты жануарлар, жабайы аңдар, бауырымен жорғалаушылар және аспандағы құстар бар екен.  Сосын: —Петір, орныңнан тұр да, сойып же!— деген дауысты естідім.  Бірақ мен: —Жоқ, Ием. Арам, таза емес нәрсені ешқашан аузыма алған емеспін,— дедім.  Көктен шыққан әлгі дауыс екінші рет: —Құдай тазалағанды енді арам деп айтпа,— деді. 10  Дауыс үшінші рет шыққан соң, барлығы қайтадан көкке әкетілді. 11  Дәл сол кезде біз тоқтаған үйге мені шақырту үшін Кесариядан жіберілген үш кісі келді+. 12  Сонда киелі рух оларға еш күмәнданбай еруім керектігін айтты. Мына алты бауырлас та маған ілесті, сөйтіп, барлығымыз әлгі кісінің үйіне бардық. 13  Ол бізге үйінде періштені көргенін айтты. Періште оған: —Иоппеге адам жіберіп, Петір деп те аталатын Шимон деген кісіні шақырт+. 14  Ол өзіңнің де, бүкіл үй ішіңнің де қалай құтқарыла алатынын айтады,— деген екен. 15  Ал мен сөйлей бастағанда, киелі рух о баста бізге төгілгендей, оларға да төгілді+. 16  Сонда Иеміздің бірнеше рет: —Жақия суға шомылдырса+, сендер киелі рухпен шомылдырылатын боласыңдар+,— дегені есіме түсті. 17  Егер Құдай осы сыйын Иеміз Иса Мәсіхке сенген бізге бергендей, оларға да беріп жатса, бұған тосқауыл болатындай мен кіммін+?!” 18  Осыны естігенде, олар тынышталып: “Құдай басқа ұлт адамдарына да өкініп, өмірге ие болуға мүмкіндік берген екен ғой”,— деп Құдайды мадақтады+. 19  Степанның өлімінен кейін басталған қуғын-сүргін кезінде жан-жаққа бытырап кеткен шәкірттер+ сонау Финикия, Кипр мен Антиохияға дейін жетіп, хабарды тек яһудилерге ғана айтумен болды+. 20  Алайда олардың ішіндегі кипрлік және күренелік кейбір кісілер Антиохияға келді де, грекше сөйлейтін адамдармен әңгімелесіп, оларға Иеміз Иса туралы ізгі хабарды жариялай бастады. 21  Ехоба оларға жар болғандықтан, көптеген адам Иемізге сеніп, оған бет бұрды+. 22  Бұлар жайлы хабар Иерусалимдегі қауымға жетіп, олар Антиохияға Барнабаны+ жіберді. 23  Барнаба сонда барған соң, Құдайдың рақымына куә болып, қатты қуанды. Сөйтіп, олардың бәрін Иемізге адал болып қалу үшін жүректерінде берік шешім қабылдауға талпындырды+, 24  өйткені ол киелі рухқа кенелген, сенімі мықты жақсы адам еді. Осылайша көп адам Иемізге сенді+. 25  Кейіннен Барнаба Саулды іздеп табу үшін Тарсқа аттанды+. 26  Ал тапқаннан кейін оны Антиохияға алып барды. Екеуі бір жыл бойы сол жердегі қауыммен бірге болып, қалың жұртқа тәлім берді. Осы Антиохия қаласында шәкірттер Құдайдың басшылығымен алғаш рет мәсіхшілер деп аталды+. 27  Сол күндері Антиохияға Иерусалимнен бірнеше пайғамбар+ келді. 28  Солардың ішінен Агаб+ деген біреуі тұрып, жуырда бүкіл жержүзін қатты аштық жайлайтынын киелі рух арқылы жария етті+. Мұнысы Клаудидің тұсында орындалды. 29  Сонда шәкірттердің әрқайсысы өз шамасына қарай+ Яһудеяда тұратын бауырластарына жәрдем жіберуді шешті+. 30  Сөйтіп, дәл солай істеді. Олар барлығын Барнаба мен Саул арқылы ақсақалдарға беріп жіберді+.

Сілтемелер