Ғалаттықтарға 5:1—26

  • Мәсіхшілердің азаттығы (1—15)

  • Киелі рухтың жетелеуімен жүру (16—26)

    • Тәннің істері (19—21)

    • Киелі рухтың жемісі (22, 23)

5  Мәсіх бізді осындай еркіндік үшін азат етті. Сондықтан берік тұрыңдар+, қайтадан құлдықтың мойынтұрығын кимеңдер+.  Менің, Пауылдың, айтары мынау: егер сүндеттелсеңдер, Мәсіхтен сендерге еш пайда болмайды+.  Сүндеттелетін әрбір адамға тағы айтамын, ол Заңды түгел орындауға міндетті+.  Заң арқылы әділ деп жариялануға тырысатындар+, сендер Мәсіхтен ажырап, оның рақымынан айырылдыңдар.  Ал біз киелі рух пен сенімнің арқасында әділ деп есептелетінімізге үміттеніп, соны асыға күтудеміз.  Иса Мәсіхпен бірліктегілер үшін маңыздысы — сүндеттелу не сүндеттелмеу емес+, сүйіспеншілік арқылы әрекет ететін сенім.  Жақсы жүгіріп бара жатыр едіңдер+, шындыққа мойынсұна берулеріңе кім бөгет болды?  Бұған сендерді сендірген — өздеріңді шақырған Құдай емес.  Азғана ашытқы бүкіл қамырды ашытады+. 10  Иемізбен бірліктегі+ сендердің менімен келісетіндеріңе сенімдімін. Ал сендерге қиындық тудырып жүрген адам+, мейлі ол кім болмасын, лайықты жазасын алады. 11  Ал маған келсек, бауырластар, егер әлі де сүндеттелу керек деп уағыздап жүрсем, неге күні бүгінге дейін қудаланудамын? Онда азап бағанасы* сүріндіретін тас болмас еді ғой+. 12  Сендерді мазалап жүргендердің өздерін тарттырып тастағанын* қалар едім. 13  Бауырластар, Құдай сендерді еркіндікке шақырды. Бірақ еркіндікті тәндік құмарлықтарыңды қанағаттандыру үшін пайдаланбаңдар+, қайта, бір-біріңе сүйіспеншілікпен қызмет етіңдер+. 14  Себебі бүкіл Заң “өзге адамды өзіңді сүйгендей сүй” деген бір заңды орындауды білдіреді*+. 15  Бірақ егер тістесіп, бір-біріңді жалмай берсеңдер+, онда біріңді-бірің құртып жіберуден сақ болыңдар+! 16  Ал менің айтарым — киелі рухтың жетелеуімен жүруді доғармаңдар+, сонда ешқандай тәндік құмарлыққа берілмейсіңдер+. 17  Өйткені тәннің қалауы рухтікіне, ал рухтікі тәндікіне қарсы. Бұлар бір-біріне қарсы. Осылайша сендер істегілерің келгенді істемейсіңдер+. 18  Ал рухтың жетелеуімен жүрсеңдер, сендерге заңның билігі жүрмейді. 19  Тәннің істері белгілі, олар — азғындық*+, арам істер, өрескелдік*+, 20  пұтқа табынушылық, бақсы-балгерлік*+, қаскөйлік, жанжалқойлық, қызғаныш, ашу-ызаға берілу, талас-тартыс, алауыздық, секталар құру, 21  іштарлық, маскүнемдік+, ырду-дырду той-думан құру және осы сияқтылар+. Бұрын ескерткенімдей, тағы ескертемін, осындаймен айналысатындар Құдай Патшалығын мұра етпейді+. 22  Ал киелі рухтың жемісі — сүйіспеншілік, қуаныш, татулық*, шыдамдылық, мейірімділік, ізгілік+, сенім, 23  жұмсақтық, ұстамдылық+. Бұларға қарсы еш заң жоқ. 24  Оның үстіне, Мәсіх Исаның меншігіндегілер өз тәндерімен қоса, құмарлықтары мен қалауларын да бағанаға ілген+. 25  Егер рухтың жетелеуімен өмір сүріп жатсақ, әрі қарай да рухтың жетелеуімен жүре берейік+. 26  Атаққұмар болып+, бір-бірімізді бақталастыққа итермелемейік+, іштарлық та жасамайық.

Сілтемелер

Немесе “өздерін піштіріп тастағандарын; әтек болғандарын”. Мұндай адамдар Заң талаптарын орындауға жарамсыз болып қалады.
Мүмкін: “бір заңға саяды”.
Грекше “порниа”. Түсіндірмені қараңыз.
Немесе “ұятсыздық”. Грекше “аселгиа”. Түсіндірмені қараңыз.
Немесе “спиритизм”. Түсіндірмені қараңыз.
Немесе “тыныштық”.