Ғалаттықтарға 3:1—29

  • Заңды ұстану мен сенімнің айырмашылығы (1—14)

    • Әділ адам сенімінің арқасында өмір сүреді (11)

  • Ыбырайымға берілген уәде Заң арқылы берілген жоқ (15—18)

    • Ыбырайымның ұрпағы — Мәсіх (16)

  • Заңның берілу мақсаты (19—25)

  • “Сенімдерің арқылы Құдайдың балаларысыңдар” (26—29)

    • Ыбырайымның ұрпағы Мәсіхке тиесілі (29)

3  Ей, түйсіксіз ғалаттықтар, сендерді кім адастырды+? Иса Мәсіхтің бағанаға ілінуінің мәнін анық түсінген едіңдер ғой+.  Өздеріңнен бір нәрсені сұрағым келеді: сендер рухты заңды ұстанғандықтан алдыңдар ма, әлде естігендеріңе сенгендіктен бе+?  Соншалықты түйсіксіз бе едіңдер? Рухани жолмен бастап, тәндік жолмен аяқтап жатырсыңдар ма+?  Осыншама көп қасірет шеккендеріңнің бекер болғаны ма? Мен бұлай деп ойламаймын.  Сонымен, сендерге рух беріп, әрі араларыңда құдіретті істер жасап жүрген+ ол мұны не үшін істеп жүр, заңды ұстанғандықтарың үшін бе, әлде естігендеріңе сенгендерің үшін бе?  Ыбырайыммен де солай болды, ол “Ехобаға* сенді, сондықтан оның алдында әділ деп саналды”+.  Сенімі барлар ғана Ыбырайымның ұлдары+ екенін, әрине, білесіңдер.  Құдайдың басқа ұлт адамдарын сенімдері арқылы әділ деп жариялайтынын Киелі жазба алдын ала біліп, Ыбырайымға “Сен арқылы барлық халықтар жарылқанады”+ деген ізгі хабарды күні бұрын жариялаған.  Сондықтан сенімі барлар да, сенімі болған Ыбырайым сияқты, батаға ие болуда+. 10  Ал заңға арқа сүйейтіндердің барлығы қарғысқа ұшыраған. Өйткені былай деп жазылған: “Заң шиыршығында жазылғандарды түгел орындамайтын әркімді қарғыс атсын!”+ 11  Оның үстіне, заң арқылы ешкім Құдай алдында әділ деп жарияланбайтыны анық+, себебі “әділ адам сенімінің арқасында өмір сүреді”+. 12  Заң сенімнің болғанын талап етпейді, қайта, заңда: “Оларды орындайтын адам соның арқасында өмір сүреді”,— делінген+. 13  Мәсіх құнымызды төлеуімен+ Заңның қарғысынан босатып+, өзі біздің орнымызға қарғысқа ұшырады. Өйткені: “Бағанаға ілінген әркімді қарғыс атқан!”— деп жазылған+. 14  Ыбырайымға уәде етілген батаға Мәсіх Иса арқылы басқа ұлттар да ие болып+, уәде етілген рухты бәріміз сеніміміз арқылы алуымыз үшін+ бұл осылай болды. 15  Бауырластар, күнделікті өмірден мысал келтірейін: келісім бекітілсе, тіпті оны адамдар бекітсе де, ешкім оның күшін жоймайды, оған ештеңе қоспайды да. 16  Ыбырайым мен оның ұрпағына уәделер берілген+. Жазбада “ұрпақтарыңа” деп, көп ұрпаққа емес, қайта, “ұрпағыңа” деп, жалғыз ұрпаққа, яғни Мәсіхке нұсқап айтылған+. 17  Тағы айтарым — 430 жылдан кейін+ берілген Заң Құдайдың бұрынырақта жасаған келісімін бұзбайды, уәденің күшін де жоймайды. 18  Себебі Құдайдың мұрасы заңға негізделіп берілген болса, ол уәдеге негізделмеген болар еді. Бірақ Құдай мейіріммен мұраны Ыбырайымға уәде арқылы сыйлады+. 19  Онда Заң не үшін керек болды? Ол уәде алған ұрпақ келгенше+, күнәларды айқын ету+ үшін қосып берілді. Бұл заң періштелер арқылы+ келістірушінің қолымен берілді+. 20  Бірақ келісім біржақты жасалғанда, келістірушінің қажеті жоқ. Ал Құдай келісімді біржақты жасаған. 21  Ендеше Заң Құдайдың уәделеріне қайшы ма? Жоқ, қайшы емес! Егер өмірге жеткізе алатын заң берілген болса, заң арқылы әділ деп танылуға болар еді. 22  Алайда Иса Мәсіхке сенгендер Құдайдың уәдесіне ие болуы үшін, Жазбалар барлығын күнәнің тұтқыны етті. 23  Бірақ біз сенім келгенге дейін, болашақта ашылуы керек сол сенімді күтіп+, заңның қарауында, тұтқында жүрдік. 24  Осылайша сенім арқылы әділ деп жариялануымыз үшін+, Заң бізді Мәсіхке әкелетін қамқоршы* болды+. 25  Ал енді сол сенім келгендіктен+, қамқоршының қарауында емеспіз+. 26  Бәрің де Мәсіх Исаға деген сенімдерің арқылы Құдайдың балаларысыңдар+. 27  Өйткені Мәсіхпен бірлікте болу үшін шомылдыру рәсімінен өткен барлығың Мәсіхтің болмысына ие болдыңдар+. 28  Мұнда яһуди не грек*+, құл не ерікті+, ер не әйел деген жоқ+. Өйткені барлығың Мәсіх Исаның шәкірті ретінде бір адамдайсыңдар+. 29  Сонымен қатар Мәсіхке тиесілі болғандықтан, сендер шынымен Ыбырайымның ұрпағысыңдар+, берілген уәде бойынша+ мұрагерсіңдер+.

Сілтемелер

Бұл — Құдайдың есімі. Түсіндірмені қараңыз.
Немесе “тәрбиеші”.
Бұл сөз грекше сөйлейтін басқа ұлт адамдарына нұсқаса керек.