Ғалаттықтарға 2:1—21

  • Пауылдың Иерусалимдегі елшілермен кездесуі (1—10)

  • Пауылдың Петірді (Кефаны) түзетуі (11—14)

  • Тек сенім арқылы әділ деп жариялану (15—21)

2  Он төрт жылдан кейін тағы да Иерусалимге көтерілдім. Бұл жолы Барнабамен+ бірге бардым, қасымызда Тит те болды+.  Мен онда аян алғандықтан бардым, әрі беделді бауырластармен жеке сөйлесіп, атқарған және атқарып жүрген қызметім бекер болмас үшін, басқа ұлт адамдарына уағыздап жүрген ізгі хабарды айтып бердім.  Бірақ қасымдағы Титтің+, грек болғанына қарамастан, сүндеттелуін ешкім талап етпеді+.  Бұл мәселені көтерген — жалған бауырластар. Мәсіх жолындағы еркіндігімізге+ нұқсан келтірудің жолын іздеген олар қауымға тыңшы іспетті ұрланып еніп алып+, бізді Заңның құлы етпек+.  Бірақ ізгі хабардың шындығы сендермен қала беру үшін, біз оларға бір сәтке де бағынған жоқпыз+.  Ал беделді деп есептелетін бауырластарға+ келсек — кезінде олардың қандай болғаны мен үшін маңызды емес, себебі Құдай адамның сырт көрінісіне қарамайды — олар маған жаңа ештеңе айтқан жоқ.  Қайта, Петірге сүндеттелгендерге ізгі хабарды жеткізу тапсырылғанындай, маған оны сүндеттелмегендерге жеткізу тапсырылғанын+  (өйткені сүндеттелгендерге елші болу үшін Петірге билік берген Құдай басқа ұлттарға елші болу үшін маған да билік берді+)  және Құдайдың маған рақымын түсіргенін көргенде+, қауымның тірегі деп есептелетін Жақып+, Кефа, Жохан үшеуі Барнаба екеумізге+ оң қолдарын ұсынып, осылай біз басқа ұлттарға, ал олар сүндеттелгендерге баратын болып келістік. 10  Олар кедей бауырластарды ұмытпауымызды ғана өтінді, өзім де солай етуге ынталы едім+. 11  Бірақ Петір+ Антиохияға келгенде+, қателігін бетіне айттым: оның қылығы айыптауға тұрарлық еді. 12  Себебі Жақыптан+ кісілер келгенше, ол басқа ұлт адамдарымен ішіп-жеп жүретін+. Ал әлгілер келген соң, сүндеттелуді жақтайтындардан+ қаймыққандықтан мұнысын доғарып, олардан қашқақтай бастады. 13  Онымен бірге басқа яһудилер де екіжүзділік танытты, оларға тіпті Барнаба да ерді. 14  Бірақ мен олардың ізгі хабардың шындығына қайшы әрекет еткенін көргенде+, бәрінің көзінше Кефаға: “Өзің яһуди бола тұра, яһуди емес, басқа ұлт адамдары іспетті өмір сүрсең, қалайша басқа ұлт адамдарын яһуди дәстүріне сай өмір сүруге мәжбүрлейсің?”+— дедім. 15  Біз басқа ұлттық күнәкарлар сияқты емеспіз, яһуди болып туылғанбыз. 16  Біз адамның заңды ұстану арқылы емес, Мәсіх Исаға сену арқылы ғана әділ деп жарияланатынын білеміз+. Сондықтан заңды ұстану арқылы емес, Мәсіхке сену арқылы әділ деп жариялану үшін Мәсіх Исаға сендік. Өйткені ешкім де заңды ұстану арқылы әділ деп жарияланбайды+. 17  Егер Мәсіх арқылы әділ деп жариялануға ұмтылып жүрген біздер де күнәкар болып шықсақ, Мәсіх күнәнің қызметшісі болғаны ма? Мүлдем олай емес! 18  Өйткені кезінде өзім қиратқанды қайта тұрғызсам, заң бұзушы болар едім. 19  Ал мен Құдай үшін тірі болайын деп, заң арқылы сол заң үшін өлі болдым+. 20  Мен Мәсіхпен бірге бағанаға іліндім+. Сондықтан енді өзім емес+, бойымда Мәсіх өмір сүруде. Иә, мен Құдай Ұлына деген сенімім арқылы өмір сүріп жатырмын+. Ол мені сүйгендіктен, мен үшін өмірін берді+. 21  Мен Құдайдың рақымынан+ бас тартпаймын. Себебі адам заңды ұстану арқылы әділ болса, Мәсіхтің бекерге өлгені ғой+.

Сілтемелер