Уағыздаушы 7:1—29

  • Жақсат және өлген күн (1—4)

  • Дананың сөгісі (5—7)

  • Істің бастамасынан гөрі соңы артық (8—10)

  • Даналықтың артықшылығы (11, 12)

  • Жақсы күндер мен қиын күндер (13—15)

  • Шектен шықпа (16—22)

  • Уағыздаушының әр нәрсені зерттеуі (23—29)

7  Қымбат иісмайдан жақсат артық+, туылған күннен өлген күн артық.  Той-думанды үйге барғаннан гөрі, азалы үйге барған артық+, өйткені барлық адам түбінде өледі. Тірі жүргендер мұны қаперінде ұстасын.  Күлгеннен гөрі қайғырған артық+, өйткені жүзі мұңайғанда, адамның жүрегі жақсарады+.  Дана адамның жүрегі азалы үйде, ал ақымақ адамның жүрегі көңіл көтеріп жатқан үйде болар+.  Ақымақтың өлеңін тыңдағаннан гөрі, дананың сөгісін тыңдаған артық+.  Ақымақтың күлкісі қазан астында сытырлап жанған тікендей+. Бұл да бос әурешілік.  Қысымшылық дана адамды ессіздікке итермелейді, ал пара жүректі бүлдіреді+.  Істің бастамасынан гөрі соңы артық. Тәкаппар болғаннан гөрі, сабырлы болған артық+.  Ренжуге асықпа+, себебі реніш ақымақтың көкейіне ұялайды*+. 10  “Неге бұрынғы күндер қазіргіден жақсы еді?”— деме, өйткені бұлай дегенің даналық емес+. 11  Даналықпен бірге мұраның да болғаны жақсы, әрі бұл жарық дүниеде жүргендер үшін пайдалы. 12  Өйткені ақша адамды қорғайтындай+, даналық та оны қорғайды+. Бірақ даналық пен білімнің артықшылығы — өз иесінің өмірін сақтайды+. 13  Құдайдың ісіне назар аудар: ол қисық қылғанды кім түзете алады+? 14  Жақсы күндері жақсылыққа риза бол+. Ал қиын күндері мынаны ескер: жақсы күнге де, жаман күнге де Құдай жол берді+. Сондықтан адам баласы болашақта өзімен не боларын біле алмайды+. 15  Мен бос әурешілікке толы өмірімде+ небір жайтты көрдім: әділ адам өзінің әділдігіне қарамастан құрып кетеді екен+, ал зұлым адам зұлымдығына қарамастан ұзақ жасайды екен+. 16  Тым әділ болма+, өзіңді тым дана етіп те көрсетпе+. Өз-өзіңді құртып қайтесің+? 17  Зұлымдыққа белшеден батпа, ақымақтыққа да бой алдырма+. Мезгілсіз өліп қайтесің+? 18  Алғашқы ескертуге құлақ ас, екіншісін де ұмытпа+. Өйткені Құдайдан қорқатын адам екеуіне де ден қояды. 19  Даналық адамды қаладағы күшті он билеушіден де мықты етеді+. 20  Жер бетінде әрдайым жақсылық жасап, ешқашан күнә істемейтін әділ адам жоқ+. 21  Сондай-ақ адамдардың әрбір сөзіне мән бере берме+, әйтпесе қызметшіңнің өзіңді жамандап жатқанын естіп қаласың. 22  Өзің де басқаны талай рет жамандағаныңды жақсы білесің ғой+. 23  Мен осының бәрін даналықпен сынап көріп: “Дана болайын”,— дедім. Бірақ даналық менен алыс екен. 24  Болған істің бәрі қол жеткісіз алыс және түпсіз терең екен. Оны кім ұға алсын+?! 25  Мен даналықты және әр нәрсенің мәнін зерттеп, тексеріп білуге ден қойдым. Сондай-ақ ақымақтықтың зұлымдық, ал ессіздіктің надандық екенін жете түсінбек болдым+. 26  Сонда мына жайтты байқадым: азғын әйелдің әкелетін қасіреті өлімнен де ащы екен. Мұндай әйел аңшының тұзағы іспетті, жүрегі болса құрылған тор, ал қолы шынжыр кісен іспетті. Құдайға ұнамды болғысы келетін адам осындай әйелден аулақ жүреді+, ал күнәкар оның тұзағына түседі+. 27  “Міне, мен мынаны байқадым,— дейді уағыздаушы+.— Әртүрлі жайтты бірінен кейін бірін зерттеп, тұжырым жасамақ болдым. 28  Бірақ тынбай ізденсем де, жасай алмадым. Мыңның ішінен бір әділ еркекті тапсам да, мыңның ішінен бірде-бір әділ әйелді таппадым. 29  Сондағы түсінгенім тек мынау: Құдай адам баласын әділ етіп жаратты+, бірақ олар түрлі жоспар құрып, соларымен жүрді+”.

Сілтемелер

Мүмкін: “ақымақтықтың белгісі”.