Уағыздаушы 4:1—16

  • Қаналу өлімнен де жаман (1—3)

  • Жұмысқа деген байсалды көзқарас (4—6)

  • Достың болғаны жақсы (7—12)

    • Жалғыздан гөрі екеу болған жақсы (9)

  • Басшының өмірі де кейде бос әурешілік (13—16)

4  Тағы да көз салып, жарық күн астында жасалып жатқан түрлі зорлық-зомбылыққа назар аудардым. Сонда қаналғандардың көз жасын, ал оларды жұбататын ешкімнің жоқ екенін көрдім+. Қанаушылардың қолында билік болғандықтан, қаналғандарға жаны ашып, жұбататын ешкім табылмады.  Сонда мен тірі жүрген адамнан гөрі өмірден өткен адамның жағдайы жақсы екен деп ой түйдім+.  Ал дүниеге әлі келмегеннің жағдайы сол екеуіне қарағанда әлдеқайда артық екен+. Өйткені ол жарық күн астында жасалып жатқан зұлым істерді көрген жоқ+.  Сондай-ақ жанталасып, бар өнерін салып еңбектену адамдар арасында бақталастық тудыратынын көрдім+. Бұл да желдің соңынан қуғандай бос әурешілік екен.  Ақымақ екі қолын қусырып, аштан өледі*+.  Тынымсыз еңбектеніп*, желдің соңынан қуғанша, азырақ тынығып алған* артық+.  Мен жарық күн астындағы тағы бір бос әурешілікке назар салдым.  Жалғызбасты, қасында серігі жоқ адам болады. Оның не ұлы, не бауыры жоқ, сонда да ол тынбай еңбек етеді. Бірақ байлыққа көзі еш тоймайды+. Әйтсе де іштей: “Өмірдің қызығынан қалып, кім үшін ауыр еңбектеніп жүрмін?”— деп ойланады+. Бұл да бос әурешілік және қу тіршілік екен+.  Жалғыз болғаннан екеу болған жақсы+, өйткені бірігіп атқарған еңбектерінің игі жемісін көреді. 10  Біреуі құласа, екіншісі демеп тұрғызады. Ал құлағанда тұрғызатын ешкімі жоқ адаммен не болмақ? 11  Оның үстіне, екеу болып жатса, жылынады. Ал жалғыз адам қалай жылынбақ? 12  Жалғыз адамды біреу жеңе алар, ал екі адам оған қарсы тұра алады. Үш қабат жіп оңайлықпен үзілмес. 13  Қарт болса да, ескертуді елемейтін ақылсыз патшадан+ гөрі жарлы болса да, ақылды жас жігіт артық+. 14  Өйткені ол патшалықта жарлы болып туылса да+, патша болу үшін түрмеден шықты+. 15  Жарық күн астында жүргендердің бәрін, сондай-ақ патшаның орнын басқан жас жігітпен не болатынын көрдім. 16  Оның жақтастары сансыз көп болғанымен, кейінгілер оған риза болмайды+. Бұл да желдің соңынан қуғандай бос әурешілік екен.

Сілтемелер

Сөзбе-сөз “өз тәнін өзі жалмайды”.
Сөзбе-сөз “бір уыс тынығу”.
Сөзбе-сөз “екі уыс ауыр еңбек”.