Нақыл сөздер 22:1—29

  • Жақсат зор байлықтан артық (1)

  • Баланы жастайынан тәрбиелеудің пайдасы (6)

  • Жалқау даладағы арыстанды сылтауратады (13)

  • Жөнге салу ақымақтықтан арылтады (15)

  • Өз ісіне шебер адам патша алдында тұрады (29)

22  Жақсат зор байлықтан артық+,Қадірлі болу алтын-күмістен артық.   Бай мен кедейге ортақ жайт: Екеуін де Ехоба жаратты+.   Парасатты қатерді көріп, бас сауғалар,Аңғал* алға жүріп, жапа шегер.   Кішіпейілділік пен Ехобадан қорқуБайлыққа, абырой мен өмірге жеткізер+.   Бұзылған адамның жолы тікен мен тұзаққа толы,Өмірін бағалайтын жан олардан аулақ жүреді+.   Баланы тәрбиелеп, тура жолға сал+,Жасы ұлғайғанда да таймас+ одан.   Бай кедейді билеп-төстер,Қарыздар жан қарыз берушінің құлы болар+.   Әділетсіздік сепкен пәле орар+,Қаһарының сойылы сынып қалар+.   Жомарт жан жарылқанады,Өйткені азығын кедей-кепшікпен бөліседі+. 10  Кемсітушіні қусаң, жанжал тоқтар,Дау басылып, жәбір тыйылар. 11  Жүрек тазалығын ұнататын,Жағымды сөз айтатын жандыПатша өзіне дос етеді+. 12  Ехобаның көзі білімді сақтайды,Ол опасыздың сөзін жоққа шығарады+. 13  Жалқау адам: “Далада арыстан жүр! Алаң ортасында жарып кетеді”,— деп сылтау айтар+. 14  Азғын әйелдің аузы — терең ор+,Ехоба жазаға кескен адам соған құлар. 15  Баланың жүрегінде ақымақтық бар+,Жөнге салатын таяқ одан арылтар+. 16  Баю үшін бейшараны алдайтын+,Дәулеттіге сый-тарту беретінТүбінде ұшырайды жоқшылыққа. 17  Құлақ түріп, тыңда дананың сөзін+,Сонда жүрегіңе ұялар білімім+. 18  Қандай жақсы оларды көңіліңде сақтағаның+,Ұдайы аузыңнан тастамағаның+. 19  Ехобаға сенімді болуың үшін,Бүгін саған білім беріп отырмын. 20  Бұған дейін де саған жазып,Ақыл мен білім бермеп пе едім?! 21  Осылай өзіңді жібергенге тура жауап беруің үшін,Шын әрі сенімді сөздерді үйретпеп пе едім?! 22  Кедейді кедей деп тонама+,Мүсәпірді сот ісінде* күйретпе+. 23  Ехобаның өзі олардың мүддесін қорғайды+,Оларды алдағандарды өмірінен айырады. 24  Қызба мінездімен жолдас болма,Ашушаңмен байланыспа. 25  Әйтпесе оған еліктеп кетесің,Жаныңды тұзаққа түсіресің+. 26  Біреудің қарызы үшін қол алысып,Кепіл болатындардың қатарына жатпа+. 27  Төлейтін түгің болмаса,Астыңдағы төсегің тартып алынар! 28  Ежелде ата-бабаң белгілегенШегара межесін жылжытпа+. 29  Өз ісіне шебер жанды көргенсің бе? Ол қарапайым адамдардың емес,Патшалардың алдында тұрады+.

Сілтемелер

Немесе “тәжірибесіз”.
Сөзбе-сөз “қала қақпасында”.