Нақыл сөздер 14:1—35

  • Жүрекке өз қайғысы аян (10)

  • Адамға тура болып көрінетін жол өлімге апарар (12)

  • Аңғал әрбір сөзге сенеді (15)

  • Байдың досы көп (20)

  • Жүректегі тыныштық — тәнге шипа (30)

14  Ақылды әйел шаңырағын нығайтар+,Ақылсыз әйел оны өз қолымен ойран қылар.   Тура жолмен жүрген адам Ехобадан қорқады,Қисық жолға түскен оны менсінбейді.   Ақымақтың тәкаппар тілі таяқ боп тиер,Ал дананың аузы өзіне қорғаныш болар.   Малы жоқ үйдің науасы таза тұрады,Ал бұқаның күшімен мол өнім жиналады.   Адал куәгер өтірік айтпайды,Жалған куәгердің әрбір сөзі — өтірік+.   Мысқылшыл даналық іздегенмен таппайды,Түсінігі бар адам білімді қағып алады+.   Аулақ жүр наданның қасынан,Білім таппассың+ оның аузынан.   Парасатты даналықпен өз жолын біледі,Ал ақымақ өз ақымақтығымен адасады*+.   Надан қатені мойындауды* күлкі қылар+,Әділ жан татулыққа ұмтылар. 10  Өз қайғысы жүректің өзіне аян,Қуанышын да түсінбес басқа жан. 11  Зұлымның үйі күйрейді+,Әділдің* керегесі кеңейеді. 12  Адамға тура болып көрінетін жол бар+,Бірақ түбінде ол өлімге апарады+. 13  Күлгенде де, жүрек сыздар,Күлкінің соңы қайғыға ұласар. 14  Опасыз өз жолының зардабын тартады+,Жақсы адам іс-әрекетінің жемісін көреді+. 15  Аңғал* әрбір сөзге сенеді,Парасатты әр қадамын ойлап басады+. 16  Дана сақ әрі жамандықтан аулақ,Ақымақ бейқам* әрі өзіне тым сенімді. 17  Ашушаң ақымақтық жасар+,Ойланып-толғанатын жеккөрінішті болар. 18  Аңғалдың* үлесіне ақымақтық тиер,Парасатты білімді басына тәж етіп киер+. 19  Жамандар жақсының алдында бас иер,Зұлымдар әділдің қақпасының алдында тағзым етер. 20  Кедейді тіпті жақын адамы жек көрер+,Ал байдың достары көп болар+. 21  Маңайындағы адамды жақтырмайтын күнә жасайды,Бейшараға жанашырлық танытқан бақытты+. 22  Зұлымдық ойластыратын адаспай ма?! Игілік ойлайтынға мейірім* мен адалдық танытылар+. 23  Әр бейнеттің зейнеті бар,Құр сөз жоқшылыққа ұшыратар+. 24  Дананың алар тәжі — байлық,Ақымақтың алар үлесі — надандық+. 25  Адал куәгер адамның жанын сақтар,Жалған куәгердің аузынан тек өтірік шығар. 26  Ехобадан қорыққан оған нық сенім артады+,Ал оның балалары пана табады+. 27  Ехобадан қорқу — өмір бұлағы,Адамды өлім тұзағынан сақтайды. 28  Халықтың көптігі — патшаның салтанаты+,Ал оның аздығы — билеушінің күйрегені. 29  Ашуға баяу әр нәрсенің парқын айырады+,Шыдамсыз ақымақтығын паш етеді+. 30  Жүректегі тыныштық тәнге шипа болар,Ал қызғаныш сүйекті шірітер+. 31  Бейшараны алдаған оның Жаратушысын қорлайды+,Жарлыға жанашырлық көрсеткенЖаратқанды мадақтайды+. 32  Зұлымды зұлымдығы құлатар,Әділдің мінсіздігі оған пана болар+. 33  Даналық түсінігі бардың жүрегінде тыныш жатар+,Ал ақымақтардың арасында жария болар. 34  Әділдік халықтың мәртебесін асырады+,Күнә болса елді абыройынан айырады. 35  Патша түсінікпен әрекет ететін қызметшіге риза болады+,Ал арсыз қызметшіге қаһарын төгеді+.

Сілтемелер

Мүмкін: “адастырады”.
Немесе “түзетуді”.
Немесе “тура жүріп-тұратынның”.
Немесе “тәжірибесіз”.
Немесе “ызақор”.
Немесе “тәжірибесіздің”.
Немесе “айнымас сүйіспеншілік”.