Нақыл сөздер 19:1—29

  • Түсінігі бар адам ашуға баяу (11)

  • Ұрысқақ әйел тесік шатырдай (13)

  • Ақылды әйел Ехобадан (14)

  • Үміт барда баланы жөнге сал (18)

  • Кеңесті тыңдау — даналық (20)

19  Жалған сөйлейтін надан болғанша+,Мінсіз жүріп, кедей болған артық+.   Білімнің жоқтығы жақсы емес+,Асыққан адам күнә жасар.   Өз ақымақтығы адамның жолын бұзар,Сосын жүрегінде Ехобаға ашуланар.   Байлық достарды көбейтер,Кедей жалғыз досынан айырылар+.   Жалған куәгер жазасыз қалмайды+,Өтірік айтқыш қашып құтыла алмайды+.   Беделді* адамға жағынуға көп жұрт әуес,Сый-тарту берушімен бәрі де дос.   Кедейді бар ағайыны жек көрер+,Достары одан бетер безіп кетер+,Сұрайын десе, ешкім жоқ жауап қатар.   Жүрегіне даналық ұялататын өз жанын жақсы көрер+,Әр нәрсенің парқына баратын жетістікке жетер+.   Жалған куәгер жазасыз қалмайды,Өтірік айтқыш құрып жоқ болады+. 10  Наданға шалқып өмір сүру жараспас,Қызметшіге әміршілерді билеу одан бетер жараспас+. 11  Терең түсінік адамды ашуға баяу етер+,Кінәні кешіргені оны тартымды етер+. 12  Патшаның қаһары арыстанның айбарындай+,Ал ықыласы шөпке түскен шықтай. 13  Ақымақ ұл әкесінің басын пәлеге қалдырар+,Ұрысқақ әйел су тамшылаған тесік шатырдай+. 14  Үй мен байлық — әкеден қалатын мұра,Ал ақылды әйел Ехобадан+. 15  Жалқаулық терең ұйқыға батырады,Жайбасардың қарны аш жүреді+. 16  Құдай заңын ұстанатын өз жанын сақтайды+,Ал тура жолға немкетті қарайтын өледі+. 17  Бейшараны қамқорлаған Ехобаға қарыз береді+,Істеген жақсылығы Құдайдан қайтады+. 18  Үміт барда жөнге сал балаңды+,Болма оның өліміне жауапты+. 19  Қызба адам жазасын тартар,Ал оны қорғаштасаң, мұны қайта-қайта істерсің+. 20  Кеңесті тыңда, түзетуді қабылда+,Сонда дана боларсың алдағы уақытта+. 21  Адам жүрегінде көп жоспар құрар,Бірақ Ехобаның ниеті орындалар+. 22  Адамның құндылығы — айнымас сүйіспеншілігі+. Өтірікші болғаннан жарлы болған жақсы. 23  Ехобадан қорқу өмірге жетелер+,Тыныш ұйқы сыйлап, жамандықтан сақтар+. 24  Жалқау қолын табаққа салар,Бірақ аузына апаруға ерінер+. 25  Мазақтағышты жазала+, аңғырт жанға ақыл кірсін+,Түсінігі барды түзет, білімі арта түссін+. 26  Әкесін жәбірлеп, анасын қуған ұл —Ұяты жоқ, арсыз ұл+. 27  Балам, тәлім-тәрбиені тыңдауды доғарсаң,Білім жолынан таярсың. 28  Оңбаған куәгер әділдікті мазақ етеді+,Зұлымның аузы жамандықты жалмайды+. 29  Мазақтағыш адамға үкім даяр+,Ақымақтың арқасына дүре даяр+.

Сілтемелер

Немесе “жомарт”.