Нақыл сөздер 17:1—28

  • Жақсылыққа жамандықпен қайтарма (13)

  • Жанжал басталмай жатып кетіп қал (14)

  • Нағыз дос әрқашан жақсы көреді (17)

  • “Қуанышты жүрек шипа болар” (22)

  • Парықты сабыр сақтар (27)

17  Жанжалды үйдің мол дастарқанынан* гөрі+ Тыныш* жердегі бірүзім қатқан нан артық+.   Түсінігі мол қызметші арсыз ұлды билер,Оның бауырларымен бірге мұра бөлісер.   Күмісті ыдыста, алтынды пеште балқытып тазартар+,Ал адамның жүрегін Ехоба тексеріп сынар+.   Зұлым зиянды сөзге ден қояр,Арамза залым тілге құлақ түрер+.   Бейшараны мазақ еткен оның Жаратушысын қорлайды+,Біреудің бақытсыздығына қуанған жазасыз қалмайды+.   Қарттардың тәжі — немерелері,Балалардың мақтанышы — әкелері*.   Өрелі сөз ақымаққа жараспас+,Өтірік сөз беделдіге* одан бетер жараспас+.   Иесі үшін сый-тарту ұқсайды асыл тасқа+,Қайда барса да, жеткізеді+ оны табысқа.   Күнәні кешірген сүйіспеншілік іздейді+,Ал оны айта берген жақын достарды айырады+. 10  Ақымаққа соғылған жүз дүреден гөрі+ Түсінігі барға берілген бір сөгістің әсері зор+. 11  Жаман тек бүлік шығаруды көздейді,Оны жазалауға қатал хабаршы жіберіледі+. 12  Ессіздің надандығына тап болғаннан гөрі+,Қонжығынан айырылған аюға кезіккен артық. 13  Жақсылыққа жамандықпен қайтарғанныңҮйінен жамандық кетпес+. 14  Басталған ұрыс бөгетті бұзған тасқындай,Кетіп қал сол жерден жанжал басталмай+. 15  Зұлымды ақтау, әділді айыптау+Екеуі де Ехоба үшін жеркенішті. 16  Наданның дұрыс ниеті* болмаса,Даналыққа жеткізетін мүмкіндіктерінен не пайда+? 17  Нағыз дос әрқашан жақсы көрер+,Ол — бауырың+ қиын шақта арқа сүйер. 18  Парықсыз қол алысып, келісім жасар,Осылай біреу үшін куәгердің алдында кепіл болар+. 19  Жанжалды жақсы көретін күнәні жақсы көреді+,Қақпасын биіктеткен пәле шақырады+. 20  Жүрегі бұзылған игілік көрмейді+,Жалған сөйлейтін жамандыққа ұшырайды. 21  Ақымақ ұл әкесін қайғыға батырар,Ессіз бала әкесін қуаныштан айырар+. 22  Қуанышты жүрек жақсы шипа болар+,Күйреген рух сүйекті қуратар+. 23  Зұлым қойнына тығып пара алар,Осылай әділет жолын бұрмалар+. 24  Даналық түсінігі бардың тура алдында,Ақымақтың көзі жердің түкпір-түкпірінде+. 25  Ақымақ ұл — әкесінің соры,Туған анасының күйініші+. 26  Әділ адамды жазалау* жақсы емес,Қадірлі кісіге дүре соғу дұрыс болмас. 27  Білімді байыппен сөйлер+,Парықты сабыр сақтар+. 28  Үндемесе, ақымақты да дана дер,Сөйлемесе, адам түсінігі бардай көрінер.

Сілтемелер

Немесе “татулық бар”.
Сөзбе-сөз “құрбандықтарынан”.
Немесе “ата-аналары”.
Немесе “билеушіге”.
Сөзбе-сөз “жүрегі”.
Немесе “айыппұл салу”.