Матай 20:1—34

  • Жүзімдіктегі жұмысшылар және бірдей жалақы (1—16)

  • Исаның өлімі туралы тағы да алдын ала айтылуы (17—19)

  • Екі шәкірттің Патшалықтан орын сұратуы (20—28)

    • Иса көптеген адамдар үшін төлем береді (28)

  • Екі зағиптың сауығуы (29—34)

20  Көк Патшалығы таң сәріде жұмысшылар жалдау үшін шыққан жүзімдік иесіне ұқсайды+.  Ол жұмысшылармен күніне бір динар* төлейтін болып келісіп, оларды жүзімдігіне жібереді.  Үшінші сағатта* ол тағы шығып, базар алаңында жұмыссыз тұрған басқа да адамдарды көреді де,  оларға: —Сендер де жүзімдігіме барыңдар. Тиісті ақыларыңды төлеймін,— дейді.  Олар сонда барады. Ол алтыншы сағат* және тоғызыншы сағат* шамасында да солай етеді.  Он бірінші сағат* шамасында тағы барып, жұмыссыз тұрған басқаларды көреді де: —Неге күні бойы бос тұрсыңдар?— деп сұрайды.  Олар: —Бізді ешкім жалдаған жоқ,— дейді. Сонда ол: —Сендер де жүзімдігіме барыңдар,— дейді.  Кеш түскенде жүзімдік иесі іс басқарушысына: —Жұмысшыларды шақырып, жалақыларын бер+. Соңғыларынан бастап, біріншілерімен аяқта,— деп тапсырды.  Содан он бірінші сағаттан бастап жалданғандар келіп, әрқайсысы бір-бір динардан алады. 10  Сондықтан бірінші болып жалданғандар көбірек алармыз деп ойлайды, бірақ оларға да бір динардан беріледі. 11  Ақыларын алған соң, олар жүзімдік иесіне күңкілдеп: 12  —Мына соңғылар бір-ақ сағат жұмыс істеді, сөйтсе де сіз оларды күні бойы аптап ыстықта ауыр еңбек еткен бізбен тең қойдыңыз,— дейді. 13  Бірақ ол біреуіне: —Достым, саған әділетсіздік жасаған жоқпын ғой. Біз бір динарға келіспеп пе едік+? 14  Ендеше, ақыңды ал да, кете бер. Мен саған қанша төлесем, соңғы жалданғандарға да сонша бергім келіп тұр. 15  Әлде ақшамды өз қалауымша жұмсауға қақым жоқ па? Жоқ әлде менің жомарттығымды* көре алмайсың ба+?— деді. 16  Осылайша соңғылар бірінші, ал біріншілер соңғы болады+”. 17  Иерусалимге өрлеп бара жатқан жолда Иса 12 шәкіртін былайырақ шығарып+: 18  “Міне, Иерусалимге өрлеп келеміз. Сол жерде Адам Ұлы жоғарғы діни қызметкерлер мен дін мұғалімдерінің қолына ұсталып беріледі. Олар оны өлімге кесіп+, 19  басқа ұлт адамдарының қолына тапсырады. Ал олар болса оны мазақ етіп, қамшымен сабап, бағанаға іліп өлтіреді+, бірақ ол үшінші күні қайта тіріледі+”,— деді. 20  Сонда Зебедейдің+ әйелі екі ұлымен Исаның қасына келді де, тағзым етіп, өтінішін білдірмек болды+. 21  Иса одан: “Не қалайсыз?”— деп сұрады. Ол: “Патшалығыңда екі ұлымның бірін оң, екіншісін сол жағыңа отырғызсаң екен+”,— деді. 22  Сонда ол ағайынды екеуіне: “Не сұрап тұрғандарыңды өздерің білмейсіңдер. Мен ішетін тостағаннан* іше аласыңдар ма+?”— деді. Олар: “Іше аламыз”,— деп жауап бергенде, 23  Иса: “Мен ішетін тостағаннан ішесіңдер+, бірақ менің оң не сол жағыма кім отыратынын мен шешпеймін. Бұл орындарды Әкем кімге дайындаса, солар отырады+”,— деді. 24  Қалған 10 елші мұны естігенде, ағайынды екеуіне ашуланды+. 25  Бірақ Иса оларды шақырып алып, былай деді: “Билеушілер қол астындағы халықтарды билеп-төстейтінін, ұлықтары да оларға қатаң әмір жүргізетінін білесіңдер+. 26  Ал сендердің араларыңда бұлай болмау керек+, қайта, кім ұлы болғысы келсе, сол сендерге қызметші болуы тиіс+. 27  Кім бастыларың болғысы келсе, сол сендерге құл болу керек+. 28  Осы сияқты, Адам Ұлы да өзіне қызмет еткізуге емес, өзі қызмет етіп+, көптеген адамдар үшін жанын төлем ретінде беруге келді+”. 29  Олар Иерихоннан шығып бара жатқанда, Исаның соңынан қалың жұрт ілесті. 30  Сол кезде жол бойында екі зағип кісі отыр еді. Исаның өтіп бара жатқанын естіп, олар: “Ием, Дәуіт Ұлы, бізге рақым ете көріңіз!”— деп айқайлады+. 31  Бірақ жұрт оларға үндемеуді бұйырды. Алайда олар одан бетер айғайлап: “Ием, Дәуіт Ұлы, бізге рақым ете көріңіз!”— деді. 32  Сонда Иса тоқтап, оларды шақырып алып: “Сендерге не істегенімді қалайсыңдар?”— деп сұрағанда, 33  екеуі: “Ием, көзімізді аша көріңіз”,— деп өтінді. 34  Иса оларды аяп кетіп, екеуінің көзіне қолын тигізді+. Сол сәтте көздері көретін болып, олар оның соңынан ерді.

Сілтемелер

Шамамен таңғы 9:00. Түсіндірмені қараңыз.
Шамамен күндізгі 12:00.
Шамамен түскі 15:00.
Шамамен түстен кейінгі 17:00.
Немесе “ізгі екенімді”.
“Тостаған” Исаға жалған айып тағылып, өлтірілетініне қатысты Құдайдың еркін білдіреді.