Матай 2:1—23

  • Жұлдызжорамалшылардың келуі (1—12)

  • Мысырға қашу (13—15)

  • Иродтың ұл балаларды өлтіруі (16—18)

  • Назарет қаласына оралу (19—23)

2  Иса Ирод* патшаның заманында+ Яһудеядағы Бетлехем+ қаласында туылды. Бұдан кейін Иерусалимге шығыстан жұлдызжорамалшылар келіп:  “Яһудилердің жаңа туылған патшасы қайда+? Шығыста біз оның жұлдызын көріп, оған тағзым етуге келдік”,— деді.  Мұны естігенде, Ирод патша да, онымен бірге бүкіл Иерусалим халқы да қатты абыржыды.  Ол елдің жоғарғы діни қызметкерлері* мен дін мұғалімдерінің барлығын жинап алып, Мәсіхтің қай жерде туылуы керектігін сұрады.  Сонда олар былай деді: “Яһудеядағы Бетлехемде+ туылады, себебі пайғамбар арқылы былай деп жазылған:  —Уа, сен, Яһуда жеріндегі Бетлехем, Яһуда басшылары үшін ең маңызсыз қала емессің, өйткені сенен менің халқым Исраилді бағатын басшы шығады+”.  Сонда Ирод жұлдызжорамалшыларды жасырын шақыртып алып, жұлдыздың қашан көрінгені туралы тәптіштеп сұрастырды.  Сөйтіп, оларды Бетлехемге жіберіп жатып: “Барып, баланы мұқият іздеңдер. Оны тапқан соң, маған хабарлаңдар. Мен де барып, оған тағзым етейін”,— деді.  Патшадан осындай нұсқау алғаннан кейін, жұлдызжорамалшылар жолға шықты. Ал өздері шығыста көрген жұлдыз+ алдарында жылжи отырып, бала жатқан жердің үстіне барып тоқтады. 10  Мұны көргенде, олар қатты қуанып кетті. 11  Содан үйге кіргенде, бала мен анасы Мәриямды көріп, балаға жерге жығылып тағзым етті. Сосын қазыналарын шығарып, әкелген алтындарын, ладан мен мүр атты хош иісті заттарын тарту етті. 12  Алайда түстерінде Құдайдан Иродқа қайта оралмауға қатысты ескерту алғандықтан+, олар өз елдеріне басқа жолмен қайтып кетті. 13  Олар кеткен соң, Ехобаның періштесі Жүсіптің түсіне кіріп+: “Тұр, бала мен анасын алып, Мысырға қаш! Өзім айтқанға дейін сол жерде қала бер. Себебі Ирод баланы іздеп тауып, өлтірмекші”,— деді. 14  Сол түні-ақ Жүсіп орнынан тұрып, бала мен анасын алды да, Мысырға жол тартты. 15  Ол Ирод қайтыс болғанға дейін сол жерде тұрды. Осылайша Ехобаның өз пайғамбары арқылы “ұлымды Мысырдан шақырып алдым”+ деген сөздері орындалды. 16  Ирод жұлдызжорамалшылардың өзін алдап кеткенін білгенде, қатты ашуланды. Содан ол кісілерін жіберіп, Бетлехем мен оның төңірегіндегі екі жас пен оған дейінгі ұл балалардың бәрін өлтіртті. Бұл жасты ол жұлдызжорамалшылардан мұқият сұрастырып білген мезгілге сай анықтаған еді+. 17  Сонда Еремия пайғамбар арқылы айтылған мына сөздер жүзеге асты: 18  “Рамақ жерінде зар жылап, еңіреген дауыс естіледі. Рахила+ балаларын жоқтап, жұбанғысы келмей жылап жатыр, өйткені олар енді жоқ+”. 19  Ирод өлгеннен кейін, Ехобаның періштесі Мысырда жүрген Жүсіптің түсіне кіріп+: 20  “Тұр, бала мен анасын алып, Исраил жеріне қайт! Өйткені баланың жанын* алғысы келгендер өлді”,— деді. 21  Ол орнынан тұрып, бала мен анасын алып, Исраил жеріне оралды. 22  Бірақ Яһудеяда Иродтың ұлы Архелай патшалық етіп жатқанын естігендіктен, онда баруға қорықты. Оның үстіне, Жүсіпке түсінде Құдайдан ескерту беріліп+, ол Ғалилея+ аймағына қарай бет алды. 23  Содан Жүсіп Назарет+ деген қалаға келіп, қоныс тепті. Осылайша пайғамбарлар арқылы айтылған мына сөздер орындалды: “Ол назареттік* деп аталатын болады”+.

Сілтемелер

Яғни Ұлы Ирод. Түсіндірмені қараңыз.
Немесе “өмірін”. Түсіндірмені қараңыз.
Еврейдің “өскін” деген сөзінен шықса керек.