Жохан 13:1—38

  • Исаның өз шәкірттерінің аяғын жууы (1—20)

  • Яһуданың сатқындық жасайтынын Исаның білдіруі (21—30)

  • Жаңа өсиет(31—35)

    • Шәкірттер өзара сүйіспеншіліктерімен танылады (35)

  • Петірдің Исадан танатыны жайлы алдын ала айту (36—38)

13  Иса өзінің осы дүниеден кетіп, Әкесіне баратын+ уақытының келгенін+ Құтқарылу мейрамы болмай тұрып білген еді. Осы дүниедегі өз адамдарын сүйген Иса оларды ақырына дейін сүйді+.  Кешкі ас ішіліп жатты. Бұл кезде Ібіліс Исаға опасыздық жасауды+ Шимон ұлы Яһуда Исқариоттың жүрегіне салып қойған еді+.  Әкесі бәрін өз қолына тапсырғанын және Құдайдан келіп, қайтадан оған баратынын+ білген Иса  дастарқан басынан тұрып, жамылғысын шешті де, беліне сүлгі байлап алды+.  Сосын шылапшынға су құйып, шәкірттерінің аяқтарын жуып, беліне байлаған сүлгімен сүрте бастады.  Ал Шимон Петірдің жанына келгенде, ол: “Ием, менің аяғымды жумақсыз ба?”— деді.  Иса оған: “Не істеп жатқанымды қазір емес, кейін түсінесің”,— деп жауап берді.  Петір: “Мен сізге аяғымды ешқашан жуғызбаймын!”— дегенде, Иса: “Аяғыңды жумасам+, менімен үлестес болмайсың”,— деді.  Бұған Шимон Петір: “Ием, онда аяғымды ғана емес, қолым мен басымды да жуыңыз”,— деп жауап қайырды. 10  Сонда Иса: “Шомылған кісі толықтай таза, оның аяғын ғана жуу керек. Сендер тазасыңдар, бірақ бәрің емес”,— деді. 11  Себебі ол өзіне кімнің опасыздық жасайтынын білетін+, сондықтан “бәрің емес” деген еді. 12  Олардың аяқтарын жуып болған соң, Иса жамылғысын киіп, қайтадан дастарқан басына жантайды да, былай деді: “Сендерге не істегенімді түсінесіңдер ме? 13  Мені “Ұстаз”, “Ием” дейсіңдер. Бұларың дұрыс, өйткені мен солмын+. 14  Егер Иелерің әрі Ұстаздарың бола тұра, аяқтарыңды жусам+, сендер де бір-біріңнің аяқтарыңды жууларың керек*+. 15  Мен не істесем, сендер де солай істесін деп, үлгі көрсеттім+. 16  Сендерге нағыз шындықты айтамын, құлы қожайынынан, ал жіберілген өзін жібергеннен үлкен емес. 17  Осыларды біліп қана қоймай, соған сай әрекет етсеңдер, бақыттысыңдар+. 18  Мұны барлығың жайлы айтып тұрған жоқпын. Мен өзім таңдап алғандарды білемін. Бірақ мына жазба орны орындалуы керек+: “Дастарқандас боп нанымды жеп жүрген кісі маған қарсы өкшесін көтерді”+. 19  Мұны әлі орындалмай жатып айтып тұрмын, осылайша айтқандарым орындалғанда, менің сол екеніме сенетін боласыңдар+. 20  Сендерге нағыз шындықты айтамын, кімде-кім мен жібергенді қабылдаса, мені де қабылдағаны+. Ал мені қабылдаған адамның мені жібергенді де қабылдағаны+”. 21  Осыларды айтқаннан кейін, Иса іштей қатты толқып: “Сендерге нағыз шындықты айтамын, араларыңдағы біреу маған опасыздық жасайды”+,— деп ашық айтты. 22  Шәкірттері оның кім туралы айтып тұрғанын білмей, абдырап бір-біріне қарасты+. 23  Жақсы көретін шәкірті+ Исаның қасында жантайып жатқан еді. 24  Шимон Петір оған ымдап белгі беріп: “Кім туралы айтып жатыр?”— деді. 25  Әлгі шәкірт басын Исаның төсіне тақап: “Ием, ол кім?”— деп сұрады+. 26  Иса: “Бірүзім нанды табаққа батырып, кімге берсем, ол — сол адам”+,— деді де, нанды табаққа батырып, Шимон Исқариоттың ұлы Яһудаға берді. 27  Ол нанды алған соң, бойына Шайтан кірді+. Сонда Иса оған: “Істеп жатқаныңды тезірек істе”,— деді. 28  Ал дастарқан басында жантайғандардың ешқайсысы Исаның оған неге бұлай дегенін түсінген жоқ. 29  Ортақ қаржыны салатын жәшікті Яһуда алып жүретіндіктен+, кейбірі Иса оған мейрамға керектілерді сатып алуды не кедейлерге бірдеңе беруді тапсырған болар деп ойлады. 30  Ал Яһуда нанды алғаннан кейін, бірден шығып кетті. Бұл кез түн еді+. 31  Ол кеткен соң, Иса мынаны айтты: “Енді Адам Ұлы даңқталады+, сол арқылы Құдай да даңқталады. 32  Оны Құдайдың өзі даңқтайды+, әрі ол мұны бірден істейді. 33  Балаларым, енді қастарыңда ұзақ болмаймын. Сендер мені іздейсіңдер. Бірақ “мен баратын жерге бара алмайсыңдар”+ деп яһудилерге айтқанымды қазір сендерге де айтамын. 34  Сендерге жаңа өсиет беріп отырмын: бір-біріңді сүйіңдер. Мен сендерді қалай сүйсем+, сендер де бір-біріңді солай сүйіңдер+. 35  Менің шәкірттерім екендеріңді жұрттың бәрі өзара сүйіспеншіліктеріңнен білетін болады+”. 36  Шимон Петір: “Ием, қайда барасыз?”— деп сұрағанда, Иса: “Мен баратын жерге қазір еріп бара алмайсың, бірақ кейінірек соңымнан келесің”+,— деп жауап берді. 37  Петір оған: “Ием, неге қазір сізге ере алмаймын? Сіз үшін жанымды беруге дайынмын”,— деді+. 38  Иса: “Сіз үшін жанымды беруге дайынмын дейсің бе? Саған нағыз шындықты айтамын, әтеш шақырғанша, сен менен үш рет танасың”,— деп жауап берді+.

Сілтемелер

Немесе “жууға міндеттісіңдер”.