Аян 3:1—22

3  Сардтағы қауымның хабаршысына мынаны жаз: “Құдайдың жеті рухына ие+ және жеті жұлдызы бар+ былай дейді: —Мен істеріңді білемін. Сенің тірі деген атың бар, бірақ өлісің+.  Сергек бол+ және қалғандарды нығайт, олар да өлуге шақ қалды. Өйткені Құдайымның алдындағы істеріңнің аяқталмағанын көрдім.  Сондықтан не алып, не естігеніңді есіңнен шығарма, соларды ұстана бер және өкін+. Егер оянбасаң, ұры сияқты келемін+, ал қай сағатта келетінімді сен білмейсің+.  Десе де Сардта киімін былғамаған+ бірнеше адам* бар. Олар ақ киім киіп+, менімен бірге жүретін болады, өйткені соған лайық.  Жеңімпазға+ ақ киім кигізіледі+. Мен оның есімін өмір кітабынан ешқашан өшірмеймін+, қайта, Әкемнің және оның періштелерінің алдында сол есімді мойындаймын+.  Құлағы бар әркім киелі рухтың қауымдарға айтқандарын тыңдасын”.  Филаделфидегі қауымның хабаршысына мынаны жаз: “Қолында Дәуіттің кілті бар+ әрі ол ашқанды ешкім жаба алмайтын, ал жапқанды аша алмайтын қасиетті+ де шынайы+ былай дейді:  —Мен істеріңді білемін. Міне, алдыңнан есік ашып қойдым+, оны ешкім де жаба алмайды. Сенің аз да болса күшің бар екенін, менің сөзімді сақтағаныңды және есімімнен бас тартпағаныңды білемін.  Шайтанның мәжілісханасынан шыққан әрі яһуди болмаса да, өздерін солай атап+, өтірік сөйлейтіндерді алдыңа әкеліп, аяғыңа тағзым еткіземін және сені сүйетініме көздерін жеткіземін. 10  Сен менің табандылығыма еліктедің+, сондықтан жержүзінің тұрғындары сыналатын кезде мен де сені сақтап қаламын+. 11  Мен тез арада келемін+. Тәжіңді ешкім тартып алмас үшін, өзіңде барды берік ұстан+. 12  Жеңімпазды Құдайымның ғибадатханасының тірегі етемін, ол әрқашан сол жерде болады. Оған Құдайымның есімін+, сондай-ақ Құдайымның көктен түсетін қаласының, яғни жаңа Иерусалимнің+, атын және өзімнің жаңа есімімді жазамын+. 13  Құлағы бар әркім киелі рухтың қауымдарға айтқандарын тыңдасын”. 14  Лаудикидегі қауымның+ хабаршысына мынаны жаз: “Аумин+ әрі Құдай жаратылыстарының алғашқысы+, адал да шынайы+ куәгер+ былай дейді: 15  —Мен істеріңді білемін. Сен не салқын, не ыстық емессің. Салқын не ыстық болсаң ғой! 16  Ыстық та+, салқын да емес+, жылымшы болғаның үшін сені аузымнан түкіріп тастаймын. 17  Сен: “Мен дәулеттімін+, байып алдым, ештеңеге мұқтаж емеспін”,— дейсің, бірақ өзіңнің сорлы, бейшара, кедей, соқыр әрі жалаңаш екеніңді білмейсің. 18  Сондықтан мынадай кеңес беремін: баю үшін менен отпен тазартылған алтын және жалаңаштығың көрініп, ұятқа қалмау үшін киім+, сондай-ақ көзіңе жағып, көретін болу үшін көзмай+ сатып ал+. 19  Кімді жақсы көрсем, соны әшкерелеп, жөнге саламын+. Сол себепті ынталы бол және өкін+. 20  Міне, мен келіп, есік қағып тұрмын. Даусымды естіп, есігін ашқан адамның үйіне кіремін. Сөйтіп, мен онымен, ол менімен бірге кешкі ас ішеді. 21  Жеңімпазды+ өзіммен бірге тағыма отырғызамын+, өйткені мен де жеңіп шығып, Әкеммен бірге оның тағына отырдым+. 22  Құлағы бар әркім киелі рухтың қауымдарға айтқандарын тыңдасын”.

Сілтемелер

Сөзбе-сөз “есім”.