Аян 16:1—21

  • Құдайдың қаһарына толы жеті тостаған (1—21)

    • Тостағанның жер бетіне (2), теңізге (3), өзендер мен су көздеріне (4—7), күннің бетіне (8, 9), жыртқыш аңның тағына (10, 11), Евфрат өзеніне (12—16), ауаға (17—21) төгілуі

    • Армагеддондағы Құдай шайқасы (14, 16)

16  Мен жеті періштеге куәлік шатырының қасиетті бөлігінен+: “Барыңдар да, Құдайдың қаһарына толы жеті тостағанды жер бетіне төгіңдер!”+— деген қатты дауысты естідім.  Бірінші періште барды да, тостағандағысын жер бетіне төгіп жіберді+. Сонда жыртқыш аңның таңбасы бар+ әрі оның мүсініне ғибадат еткендердің+ денелерін жанға бататын, қатерлі іріңді жара басты+.  Екінші періште тостағандағысын теңізге төгіп жіберді+. Сонда теңіз+ өлген адамның қанындай қанға айналып+, ондағы тірі жанның бәрі қырылып қалды.  Үшінші періште тостағандағысын өзендер мен су көздеріне төгіп жібергенде+, олар қанға айналды+.  Сосын су атаулыға билік жүргізетін періштенің былай дегенін естідім: “Бұрын болған, қазір де бар Құдай+, сен адал+ да әділсің, өйткені осындай үкімдер шығардың+.  Қасиеттілер мен пайғамбарлардың қанын төккендіктен+, сен оларға қан ішкіздің+, олар соған лайық+”.  Сондай-ақ құрбандық ошағының: “Иә, Құдіреті шексіз+ Ехоба Құдай, сенің үкімдерің* дұрыс та әділ+”,— дегенін естідім.  Төртінші періште тостағандағысын күннің бетіне төгіп жіберді+. Сонда күнге отты қызуымен адамдарды күйдіруге жол берілді.  Олар аптап ыстыққа күйсе де, осы пәлелерге билігі жүретін Құдайдың есіміне тіл тигізуін қоймады. Олар өкінген де, оны даңқтаған да жоқ. 10  Бесінші періште тостағандағысын жыртқыш аңның тағына төгіп жіберді. Сонда оның патшалығын қараңғылық басты+. Адамдар аурудан қиналып, тілдерін тістей бастады. 11  Алайда олар аурулары мен іріңді жаралары үшін көктегі Құдайға тіл тигізді, өз қылықтарына еш өкінбеді. 12  Алтыншы періште тостағандағысын ұлы Евфрат өзеніне+ төгіп жіберді. Сонда күншығыстан келетін патшаларға жол дайын болу үшін, оның суы кеуіп қалды+. 13  Сосын айдаһардың+, жыртқыш аңның және жалған пайғамбардың аузынан шығып жатқан бақаларға ұқсайтын таза емес үш хабарды* көрдім. 14  Бұл хабарлар жындардан келген. Олар белгілер көрсетіп+, жержүзінің патшаларын Құдіреті шексіз Құдайдың ұлы күні+ болатын соғысқа жинап әкелуге шықты+. 15  “Міне, мен ұры сияқты келемін+. Жалаңаш қалып, жұрт алдында ұятқа қалмау үшін+, сергек болып+, киімін сақтаған адам бақытты”. 16  Олар патшалардың бәрін еврейше Армагеддон* деп аталатын жерге жинады+. 17  Жетінші періште тостағандағысын ауаға төгіп жіберді. Сол кезде шатырдың қасиетті бөлігіндегі+ тақтан: “Орындалды!”— деген қатты дауыс шықты. 18  Сонда найзағай ойнап, дауыстар шығып, күн күркіреп, жер қатты сілкінді. Жер бетінде адам баласы пайда болғаннан бері мұншалықты зор әрі күшті жер сілкінісі болған емес+. 19  Ұлы қала+ үшке бөлінді, елдердің қалалары да қирап қалды. Қаһарлы ашуының шарабы құйылған тостағанды беру үшін+ Құдай Ұлы Бабылды+ есіне алды. 20  Күллі аралдар да қашып кетті, таулар да орындарынан табылмады+. 21  Аспаннан адамдардың үстіне әрқайсысының салмағы 20 килограмдай* бұршақ жауды+. Осындай бұршақ жаудырғаны+ үшін олар Құдайды қорлады, өйткені бұл өте ауыр алапат болды.

Сілтемелер

Немесе “сот шешімдерің”.
Немесе “үш арам рухты”.
Грекше Хар Магедон. Түсіндірмені қараңыз.
Сөзбе-сөз “1 талант”. Гректердің 1 таланты 20,4 кг-ға тең. Ә14 қосымшасын қараңыз.