Аян 1:1—20

  • Құдайдың Иса арқылы берген аяны (1—3)

  • Жеті қауымға жолдау (4—8)

    • “Мен Альфа және Омегамын” (8)

  • Жоханның киелі рухтың әсерімен Иеміздің күніне апарылуы (9—11)

  • Ұлылыққа бөленген Иса туралы аян (12—20)

1  Бұл — Құдайдың өз құлдарына жуырда болатын жайттарды көрсету үшін+ Иса Мәсіхке берген аяны+. Иса болса оны періштесін жіберіп, құлы Жоханға+ белгілер арқылы көрсетті.  Ал Жохан Құдай сөзі және Иса Мәсіхтің куәлігі туралы, яғни көргендерінің бәрі туралы куәлік етті.  Осы пайғамбарлықтағы сөздерді дауыстап оқитын адам да, оны тыңдайтын әрі онда жазылғандарды орындайтындар да бақытты+, себебі белгіленген уақыт таяп қалды.  Жоханнан Азия* аймағындағы жеті қауымға+: “Бұрын болған, қазір де бар әрі болашақта келетін”+, сондай-ақ оның тағының алдындағы жеті рух+  және “Адал куәгер”+, “Өлімнен қайта тірілгендердің алғашқысы”+, “Жер бетіндегі патшалардың билеушісі”+ Иса Мәсіх сендерге рақымы мен тыныштығын сыйласын! Ол бізді сүйеді+, өз қанымен күнәларымыздан арылтты+,  сондай-ақ бізді патша+ және өзінің Құдайы әрі Әкесінің діни қызметкерлері етті+. Ұлылық пен құдірет мәңгілік соған тиесілі! Аумин.  Міне, ол бұлттармен келеді+. Оны бәрі, оны түйрегендер де, өз көзімен көреді. Сонда жер бетіндегі ру атаулы зар еңіреп, көкіректерін ұрады+. Бұл сөзсіз орындалады. Аумин.  “Мен Альфа және Омегамын*+,— дейді Ехоба* Құдай.— Мен бұрын болған, қазір де бар әрі болашақта келетін Құдіреті шексіз Құдаймын+”.  Мен, Исаның ізбасары ретінде+ өздерің сияқты табандылық танытып+, қиындықтарға шыдап жүрген+, ал келешекте Патшалыққа үлестес болатын бауырластарың+ Жохан, Құдай жайлы айтып, Иса туралы куәлік еткенім үшін Патмос аралында болғанымда, 10  киелі рухтың әсерімен Иеміздің күніне апарылдым. Сонда ту сыртымнан былай деп жатқан керней үніне ұқсас зор дауысты естідім: 11  “Көргендеріңді шиыршыққа жазып, Ефес+, Смирна+, Пергам+, Тиатира+, Сард+, Филаделфи+ және Лаудикидегі+ жеті қауымға жібер”. 12  Кімнің сөйлеп тұрғанын көру үшін артыма бұрылып едім, жеті алтын шамдалды көрдім+. 13  Олардың арасында адам ұлына ұқсас+, ұзын көйлек киген, кеудесін алтын белбеумен орап алған біреу тұр екен. 14  Оның басындағы шашы аппақ қардай, көзі жалындаған оттай+, 15  аяғы пеште балқытылған таза мыстай+, даусы сарқырап аққан судың гүріліндей, 16  ал оң қолында жеті жұлдызы бар екен+. Аузынан екі жүзі де өткір ұзын семсер+ шығып тұрды, беті болса тал түсте жарқыраған күндей еді+. 17  Оны көргенде, мен өлі адамдай аяғына құлап түстім. Сонда ол оң қолын үстіме қойып, былай деді: “Қорықпа! Мен Алғашқы+ және Соңғымын+, 18  әрі тірімін+. Мен өлген едім+, ал енді мәңгі өмір сүріп жатырмын+. Менде өлім мен көрдің* кілттері бар+. 19  Сондықтан өзің көрген, қазір болып жатқан және бұдан кейін болатын жайттарды жазып қой. 20  Оң қолымнан өзің көрген жеті жұлдыздың және жеті алтын шамдалдың қасиетті құпиясы мынадай: жеті жұлдыз жеті қауымның хабаршыларын, ал жеті шамдал жеті қауымды білдіреді+.

Сілтемелер

“Азия” деп Рим империясының провинциясы жөнінде айтылып тұр.
Бұлар грек әліпбиінің бірінші және соңғы әріптері. Түсіндірмені қараңыз.
Бұл — Құдайдың есімі. Түсіндірмені қараңыз.
Грекше “гадес”. Түсіндірмені қараңыз.