Ефестіктерге 5:1—33

  • Сөз және жүріс-тұрыс тазалығы (1—5)

  • Жарықтың балаларындай өмір сүріңдер (6—14)

  • Киелі рухқа кенеле беріңдер (15—20)

    • Уақытты барынша тиімді пайдаланыңдар (16)

  • Күйеулер мен әйелдерге берілген кеңес (21—33)

5  Ендеше сүйікті балалары ретінде Құдайға еліктеңдер+,  Мәсіх іспетті сендер де сүйіспеншілік жолымен жүріңдер+. Ол бізді* сүйді+, әрі біз* үшін өмірін қиып, Құдайға хош иісті құрбандық ретінде берді+.  Араларыңда азғындық*, әрқилы арам істер мен ашкөздіктің тіпті аты да аталмасын+. Өйткені бұл қасиетті адамдарға лайық емес+.  Сондай-ақ сендер үшін ұятсыз жүріс-тұрыс, ақымақ сөз, тұрпайы қалжың сияқты нәрселер де орынсыз+, қайта, Құдайға ризашылық білдіргендерің дұрыс+.  Сендер мынаны білесіңдер әрі жақсы түсінесіңдер: азғын*+, арам істер жасайтын, ашкөз+, яғни пұтқа табынатын адам, Мәсіх пен Құдайдың Патшалығын мұра етпейді+.  Ешкім де сендерді бос сөздермен алдамасын, өйткені осындай нәрселермен айналысқаны үшін тілазарларға Құдайдың қаһары төніп тұр.  Сондықтан мұндайлармен еш байланыстарың болмасын.  Өйткені кезінде сендер түнек едіңдер, ал енді Иемізбен бірлікте+ болғандықтан жарықсыңдар+. Бұдан былай да жарықтың балаларындай өмір сүріңдер.  Ал жарықтың жемісіне әртүрлі игі, әділ де дұрыс істер жатады+. 10  Иемізге не ұнайтынына әрдайым көз жеткізіп отырыңдар+. 11  Енді олармен бірге түнектің пайдасыз істерімен айналыспаңдар+, керісінше, әшкерелеңдер. 12  Себебі олардың жасырын істеп жүрген істерін айтудың өзі ұят. 13  Әшкереленген нәрсенің бәрі жарық арқылы анық көрінеді, өйткені анық көрінген нәрсенің барлығы — жарық. 14  Сондықтан былай делінген: “Ей, ұйқышыл, оян! Өлімнен тіріл+! Сонда Мәсіх саған жарығын шашады+”. 15  Сонымен, қалай әрекет ететіндеріңе мұқият ден қойыңдар, ақылсыз емес, дана болып, 16  уақыттарыңды барынша тиімді пайдаланыңдар+, өйткені қазіргі күндер зұлымдыққа толы. 17  Сондықтан парасатсыз болмай, Ехобаның еркін танып-біле беріңдер+. 18  Сондай-ақ шарап ішіп мас болмаңдар+, бұл жүгенсіздікке апарады, қайта, киелі рухқа кенеле беріңдер. 19  Бір-біріңе* зәбүр жырлары, мадақтау өлеңдері мен рухани әндер айтыңдар+. Ехобаға арнап шын жүректен әуендетіп+ шырқаңдар+, 20  Иеміз Иса Мәсіхтің атымен+ Құдай Әкемізге барлық нәрсе үшін үнемі алғыс айтыңдар+. 21  Мәсіхті қастерлейтіндіктен бір-біріңе бағыныңдар+! 22  Әйелдер күйеулеріне Иемізге бағынғандай бағынсын+, 23  өйткені Мәсіх қауымның, яғни дененің, құтқарушысы әрі басы+ болғандай, күйеу — әйелінің басы+. 24  Қауымның Мәсіхке бағынатынындай, әйелдер де барлық жағдайда күйеулеріне бағынсын. 25  Күйеулер, әрдайым әйелдеріңді сүйіңдер+. Мәсіх те қауымды сүйді, әрі сол үшін өмірін қиды+. 26  Осылайша оны Құдай сөзімен жуып-тазартып, қасиетті етті+. 27  Мұны ол қауымды өзінің алдында аса көрікті, ешбір дақ не әжім түспеген және басқа да кемшілігі жоқ+, қасиетті де мінсіз ету үшін істеді+. 28  Тап солай, күйеулер әйелдерін өз тәніндей сүюлері керек. Әйелін сүйген өзін де сүйеді. 29  Ешкім де өз тәнін жек көрмейді, қайта, оған нәр беріп, аялап күтеді. Мәсіх те қауымға осылай етеді, 30  себебі біз оның денесінің мүшелеріміз+. 31  “Сондықтан еркек әке-шешесін қалдырып, әйеліне қосылады*, сөйтіп, екеуі біртұтас* болады”+. 32  Бұл қасиетті құпияның+ маңызы зор. Мен мұны Мәсіх пен қауымға қатысты айтып отырмын+. 33  Ал әрқайсысың әйеліңді өзіңді сүйгендей сүй+. Әйел болса күйеуіне зор құрмет көрсетсін+.

Сілтемелер

Мүмкін: “сендерді”.
Мүмкін: “сендер”.
Грекше “порниа”. Түсіндірмені қараңыз.
Түсіндірмедегі “Азғындық” сөзін қараңыз.
Мүмкін: “Іштей”.
Сөзбе-сөз “қатты жабысады”.
Сөзбе-сөз “бір тән”.