Ефестіктерге 4:1—32

  • Мәсіх арқылы дене мүшелерінің бірігуі (1—16)

    • “Сый ретінде адамдар берді” (8)

  • Ескі болмыс пен жаңа болмыс (17—32)

4  Сонымен, Иеміз үшін түрмеде отырған мен+ мынаны өтініп сұраймын: шақырылғандарыңа сай өмір сүріңдер+,  әрдайым кішіпейіл+, жұмсақ, шыдамды болыңдар+ әрі сүйіспеншілікпен бір-біріңе төзімділік танытыңдар+,  өзара тату болып, киелі рух арқылы иемденген бірліктеріңді сақтап қалуға барынша ұмтылыңдар+.  Өздерің ие болуға шақырылған үміттің біреу+ болғаны сияқты, дене де біреу+, рух та біреу+,  Ие де біреу+, сенім де біреу, шомылдыру рәсімі де біреу,  бәрінің Әкесі — Құдай да біреу. Ол бәрінен жоғары, бәрі арқылы және бәрінің бойында әрекет етеді.  Әрқайсысымызға Мәсіх белгілеген мөлшерде сыйға рақым берілді+.  Сондықтан Құдай: “Ол заңғар биікке көтеріліп, тұтқындарды алып кетті, сый ретінде адамдар берді”+,— деді.  “Ол көтерілді” деген нені білдіреді? Бұл оның төменге, яғни жерге, түскенін де білдіреді. 10  Ал төменге түскен ол бәрін толық жүзеге асыру үшін көктің ең биігіне+ де көтерілді+. 11  Ол біреулерін елші+, біреулерін пайғамбар+, біреулерін ізгі хабарды жариялаушы+, тағы біреулерін бағушы және ұстаз ретінде берді+. 12  Олар қасиеттілерді түзету*, өзгелерге қызмет көрсету және Мәсіхтің денесін нығайту үшін берілді+. 13  Мұны олар сенім жағынан да, Құдай Ұлы туралы тура білім жағынан да бәріміз бірлікке жеткенге дейін, сондай-ақ Мәсіхтің кемеліне сай келетін толысқан адам+ болғанымызға дейін істемек. 14  Айлакер адамдардың алдап-арбауынан туған ілімдерді+ ұстанатындар жел айдап, толқын қуған қайыққа ұқсайды. Ал біз бұдан былай жас бала іспетті болмауымыз керек. 15  Қайта, шындықты айтып, дененің басы — Мәсіхтің+ деңгейіне дейін сүйіспеншілікпен жан-жақты өсіп жетіле берейік. 16  Себебі Мәсіх арқылы дененің барлық мүшесі+ өзара үйлесе бірігіп, әртүрлі қажетті буындар арқылы бірлесе әрекет етеді. Әр мүшесі өз міндетін дұрыс атқарғанда, дене өсіп, сүйіспеншілік арқылы нығая түседі+. 17  Сондықтан Иеміздің атынан сөйлеп, сендерді мынаған шақырамын: түкке тұрғысыз ойларының жетегінде жүретін+ осы дүниеліктер іспетті өмір сүруді қойыңдар+. 18  Олар надан әрі жүректері сезімсіз болғандықтан саналарын қараңғылық басып, Құдайдан келетін өмірден шет қалған. 19  Ұяттан әбден безген олар өрескел қылықтар* жасап+, әрқилы арам істерді тойымсыздықпен істейді. 20  Бірақ сендер танып-білген Мәсіх мұндай емес! 21  Сендер оның айтқандарын естіп, одан тәлім алған едіңдер ғой, өйткені шындық Исада. 22  Сол алған тәлімдеріңе сай, бұрынғы өмір салттарыңа тән әрі алдамшы құмарлықтардың әсерінен бүлініп жатқан+ ескі болмыстарыңнан арылыңдар*+. 23  Ой-саналарыңды әрекетке талпындыратын күшті жаңарта беріңдер+. 24  Құдайдың еркіне сай жаратылған әрі шынайы әділдік пен адалдыққа сай келетін жаңа болмысқа ие болыңдар*+. 25  Өтірікті тастағандықтан, енді әрқайсысың өзгеге шындықты айтыңдар+, өйткені біз бір дененің мүшесіміз+. 26  Ашуланғанда, күнә жасамаңдар+. Күн батпай тұрып ашуларыңды басыңдар+. 27  Ібілістің өздеріңе ықпал етуіне жол бермеңдер+! 28  Ұры болған енді ұрламасын, қайта, мұқтаждармен бөлісетін нәрсесі болу үшін өз қолымен адал еңбек етсін+. 29  Ауыздарыңнан шіріген емес+, тек жақсы сөз шықсын. Осылайша тыңдаушыларыңды қажет кезінде нығайтып, пайдаларына ассын+. 30  Құдайдың киелі рухын ренжітпеңдер+. Құтқарылатын күн келгенде, төлем арқылы азат етілулерің үшін+, сендерге сол киелі рухпен мөр басылған ғой+. 31  Әрқилы өшпенділік+, ашу-ыза, айқайласу, қорлық сөздер+ және бүкіл жамандық атаулыдан арылыңдар+! 32  Қайта, бір-біріңе мейірімді де барынша жанашыр болыңдар+. Құдай өздеріңді Мәсіх арқылы кеңпейілмен кешіргендей, сендер де бір-біріңді солай кешіріңдер+.

Сілтемелер

Немесе “тәлім беру”.
Немесе “ұятсыз қылықтар”. Грекше “аселгиа”. Түсіндірмені қараңыз.
Сөзбе-сөз “шешіп тастаңдар”.
Сөзбе-сөз “киіп алыңдар”.