Қорынттықтарға 2-хат 6:1—18

  • Құдайдың рақымын елеусіз қалдырмаңдар (1, 2)

  • Пауылдың өз қызметін сипаттауы (3—13)

  • Сенбейтіндермен бір мойынтұрықты кимеңдер (14—18)

6  Құдаймен бірге еңбектеніп жүрген+ біз мынаны да өтінеміз: Құдайдың рақымын қабылдаған сендер оның қандай мақсатпен көрсетілгенін елеусіз қалдырмаңдар+.  Себебі ол: “Ықыласқа ие болатын кезде мен саған құлақ астым. Құтқарылатын күні көмектестім”+,— дейді. Міне, қазір ерекше ықыласқа ие болатын кез. Міне, қазір құтқарылатын күн.  Қызметімізге еш мін тағылмас үшін, өзгелерді сүріндіретіндей еш нәрсе жасамаймыз+.  Қайта, барлық жағынан өзімізді Құдайдың қызметшісі ретінде танытамыз+. Мұны көп жағдайларда табанды болу, қасірет шегу, мұқтаждықта болу, қиындық көру+,  ұрып-соғылу, түрмеге жабылу+, дүрбелең кездерді бастан кешу, ауыр еңбек ету, түндерді ұйқысыз өткізу, ас-сусыз қалуымызбен+,  сондай-ақ тазалығымыз, біліміміз, шыдамдылығымыз+, мейірімділігіміз+, киелі рухтың басшылығымен жүруімізбен, шынайы сүйіспеншілігімізбен+  және шындықты айту, Құдайдың күшіне сүйену+, оң және сол қолымызға әділдік қаруын алу*+,  құрметке ие болу және масқаралану, датталу және мақталу, өтірікші деп есептесе де, шыншыл болу,  танымал болып есептелмесек те, танымал болу, өлімге лайық саналғанмен, тірі жүру+, жазаланғандай көрінгенмен, өлімге ұстап берілмеу+, 10  қайғылы көрінгенмен, қуанышты болу, кедей есептелгенмен, көп адамды байыту, түгі жоқтай көрінгенмен, бәріне ие болуымызбен көрсетеміз+. 11  Қорынттықтар, біз сендермен ашық сөйлестік, жүрегімізді де айқара аштық. 12  Сендерге деген жылы сезімімізді тежеген жоқпыз+, бірақ сендер бізге деген жылы сезімдеріңді тежейсіңдер. 13  Балаларымдай көріп айтып тұрмын, сендер де бізге жүректеріңді айқара ашыңдар+. 14  Сенбейтіндермен бір мойынтұрықты* кимеңдер+. Әділдік пен заңсыздық арасында қандай байланыс бар+? Жарық пен қараңғылық арасында ортақ не бар+? 15  Мәсіх пен Белияр* арасында бірлік бола ала ма+? Сенуші мен сенбейтін адамның арасында ортақ не бар+? 16  Құдайдың ғибадатханасы мен пұттар арасында қандай келісім болуы мүмкін+? Біз тірі Құдайдың ғибадатханасымыз+. Бұл туралы Құдай былай деген: “Мен орталарында тұрып+, араларында жүремін. Мен олардың Құдайы, ал олар менің халқым болады”+. 17  “Сондықтан олардың арасынан шығып, бөлек тұрыңдар, бұдан былай арам нәрсеге жоламаңдар,— дейді Ехоба”+. “Сонда мен сендерді қабылдаймын”+. 18  “Мен Әкелерің+, ал сендер ұл-қыздарым боласыңдар+,— дейді Құдіреті шексіз Ехоба”.

Сілтемелер

Шабуыл жасау және қорғану үшін болса керек.
“Түкке жарамсыз” дегенді білдіретін бұл еврей сөзі Шайтанға қатысты қолданылады.