Тімөтеге 2-хат 3:1—17

  • Соңғы күндері ерекше қиын уақыт болады (1—7)

  • Пауылды үлгі тұту (8—13)

  • “Үйренген нәрселерді бұдан былай да ұстана бер” (14—17)

    • Жазбалардың бәрі Құдай рухының жетелеуімен жазылған (16)

3  Соңғы күндері+ ерекше қиын уақыт болатынын біліп қой:  адамдар тек қара басын ойлайтын, ақшақұмар, мақтаншақ, тәкаппар, балағатшыл, ата-анасына мойынсұнбайтын, алғысты білмейтін, опасыз,  бауырмалдықтан жұрдай, ымыраға келмейтін, жалақор, ұстамсыз, қатыгез, жақсылықты жек көретін,  сатқын, қиқар, өркөкірек, Құдайдан гөрі ләззат-ермекті артық көретін болады,  құдайшыл болып көрінгенмен, бұны істерімен көрсетпейді+. Мұндайлардан аулақ жүр.  Өйткені солардың арасынан үйлерге қулықпен кіріп, әлсіз әйелдерді еліктіріп, торларына түсіретін адамдар шығады. Ол әйелдер күнә мен түрлі құмарлықтарға әбден берілген.  Олар үнемі тәлім алғанмен, ешқашан шындықты толық түсіне алмайды.  Янни мен Ямбридің Мұса пайғамбарға қарсы шыққаны сияқты, әлгі адамдар да шындыққа қайтпай қарсы шығады. Олардың саналары әбден бүлінген, әрі сенім жолымен жүрмей, Құдайдың ықыласынан айырылған.  Алайда олар алысқа бара алмайды, өйткені олардың ақымақтығы әлгі екеуінікі сияқты бәріне айдан анық болады+. 10  Ал сен менің үйреткендеріме ден қойдың, өмір салтымды+, мақсатым, сенімім, шыдамдылығым, сүйіспеншілігім мен табандылығымды үлгі тұттың. 11  Антиохия+, Иқония+ мен Листрада+ қалай қудаланғанымды және қандай азап көргенімді де білесің. Талай қудалауды бастан өткіздім, ал Иеміз мені солардың бәрінен құтқарды+. 12  Иә, Мәсіх Исаның шәкірті ретінде Құдайға шын беріліп өмір сүргісі келетіндердің бәрі де қуғындалады+. 13  Ал зұлымдар мен алаяқтар бұрынғыдан бетер жамандық жасап, өзгелерді де алдап, өздері де алдана бермек+. 14  Бірақ сен үйренген әрі көзің жеткен нәрселерді бұдан былай да ұстана бер+, өйткені кімдерден тәлім алғаныңды білесің. 15  Сонымен қатар адамды дана ететін Киелі жазбалармен нәресте кезіңнен-ақ+ таныссың+. Осы даналық Мәсіх Исаға деген сенім арқылы құтқарылуға жеткізеді+. 16  Киелі жазбалардың бәрі Құдай рухының жетелеуімен жазылған+, әрі тәлім беруге+, әшкерелеуге, түзетуге, әділ талаптарға сай тәрбиелеуге тиімді+. 17  Осылай Құдай адамы барынша жарамды, яғни кез келген игі іске толықтай даяр болады.

Сілтемелер