Тімөтеге 1-хат 6:1—21

  • Құлдар қожайындарын құрметтесін (1, 2)

  • Жалған ұстаздар; ақшақұмарлық (3—10)

  • Құдай адамына берілген нұсқаулар (11—16)

  • Игі істерге бай болыңдар (17—19)

  • “Өзіңе сеніп тапсырылғанды аман сақта” (20, 21)

6  Жұрт Құдайдың есімі мен іліміне тіл тигізбеу үшін+, құлдықтың мойынтұрығын киіп жүргендер өз қожайындарын зор құрметке лайық деп есептесін+.  Ал қожайындары сенуші болса, бауырласым ғой деп құрмет көрсетпей жүрмесін. Керісінше, оларға барынша жақсы қызмет ету керек. Себебі осындай қызметтерінің пайдасын көретіндер сүйікті бауырластары ғой. Осыларды үйретіп, ақыл-кеңес бере бер.  Ал әлдекім жалған ілім тарататын болса және Иеміз Иса Мәсіхтің дұрыс нұсқауымен+ не Құдайға шын берілгендікке сай іліммен+ келіспесе,  ол кеуде көтерген әрі еш нәрсені ұқпайды+. Оның бар есіл-дерті — дауласу, сөздер туралы айтысып-тартысу+. Ал бұл қызғаныш, дау-жанжал тудырады, қорлық сөздер айтқызады, арам күдікке  және ой-санасы бүлінген, шындықтан алыс адамдардың болмашы нәрселер үшін үздіксіз тартысына әкеледі+. Олар Құдайға шын берілгендікті пайданың көзі деп біледі+.  Рас, Құдайға шын берілгендік пен қолда барға қанағат ету — зор пайданың көзі+.  Біз бұл дүниеге ештеңе әкелген жоқпыз, ештеңе алып та кете алмаймыз+.  Ендеше ішер ас пен киер киім* болса, соны қанағат етейік+.  Ал баюға бел буғандар азғырылады, тұзаққа түседі+, әрі құрып жойылуға әкелетін көптеген ақымақ та зиянды құмарлықтарға беріледі+. 10  Себебі ақшақұмарлық — бар жамандықтың түптамыры. Кейбіреулер соған беріліп, сенім жолынан адасты, әрі көптеген қайғы-қасіретке ұшырады+. 11  Сен болсаң, Құдай адамы, бұлардан аулақ бол. Қайта, әділдік, шын берілгендік, сенім, сүйіспеншілік пен табандылыққа және жұмсақ болуға ұмтыл+. 12  Сенімің үшін ізгі күрес жүргіз, мәңгілік өмірді берік ұстан. Өйткені Құдай сені сол өмірді иеленуге шақырды, әрі сен сол өмірді көптеген куәгерлердің алдында ашық жарияладың. 13  Барлығының өмірін сақтап отырған Құдайдың және Понти Пилатқа батылдықпен керемет куәлік берген Мәсіх Исаның+ алдында саған мынаны тапсырамын: 14  Иеміз Иса Мәсіх ашық көрінгенше, берген өсиетімді еш кінә тағылмайтындай әрі мүлтіксіз орында+. 15  Бақытты да жалғыз Билеуші белгіленген уақытта өзін ашық көрсетеді. Ол — патшалардың Патшасы, иелердің Иесі+. 16  Өлместікке сол ғана ие+, ол жақындау мүмкін емес жарықта мекендейді+. Оны адам баласы көрмеген және көре алмайды+. Қадір-құрмет пен мәңгілік құдірет соған тиесілі. Аумин. 17  Осы заманның* байларына мынаны ескерт: менмен болмасын, үміттерін тұрақсыз байлыққа емес+, біз рақатын көру үшін бәрін молынан қамтамасыз ететін Құдайға артсын+. 18  Олар жақсылық жасай берсін, игі істерге бай әрі жомарт болып, барымен бөлісуге даяр болсын+. 19  Осылай шынайы өмірді берік ұстану үшін+, өздеріне келешекке жақсы негіз болатын, еш құрымайтын қазына жинасын+. 20  Тімөте, балам, өзіңе сеніп тапсырылғанды аман сақта+ және қасиеттіні қор қылатын бос әңгімелерден, қарама-қайшылыққа толы жалған білімнен аулақ бол+. 21  Кейбіреулер осындай білімдеріне мақтанамын деп, сенімнен тайып кетті. Құдай сендерге рақымын жаудырсын!

Сілтемелер

Мүмкін: “баспана”. Сөзбе-сөз “жабын”.