Самуилдің 1-жазбасы 16:1—23

  • Самуилдің Дәуітті патша етіп майлауы (1—13)

    • “Ехоба жүрекке қарайды” (7)

  • Құдай рухының Саулды тастап кетуі (14—17)

  • Саулдың Дәуітті арфада ойнауға алдыртуы (18—23)

16  Ехоба Самуилге: “Саул үшін қашанғы қайғыра бересің+? Ол Исраилде патшалық етпеу үшін мен одан бас тарттым емес пе+?! Бір мүйізге май құйып ал да+, бетлехемдік Есейдің+ үйіне бар. Мен оның ұлдарының ішінен өзіме патша таңдадым+”,— деді.  Бірақ ол: “Қалай барамын? Саул бұл туралы естісе, мені өлтіреді ғой+!— деп еді, Ехоба оған мынаны айтты: —Бір қашар ал да, “Мен Ехобаға құрбандық шалуға келдім” де.  Құрбандық шалғанда, Есейді де шақыр. Әрі қарай не істеуің керектігін сол жерде білдіремін. Сен менің таңдаған адамыма май жағу рәсімін жасайсың+”.  Самуил Ехоба айтқандай істеп, Бетлехемге+ келді. Оны көрген қала ақсақалдары қатты қорқып: “Тыныштық па?”— деп сұрады.  Ол: “Тыныштық. Мен Ехобаға құрбандық шалуға келдім. Тазару рәсімін жасаңдар* да, менімен бірге жүріңдер”,— деді. Бұдан кейін Самуил Есей мен ұлдарын да тазару рәсімінен өткізіп, құрбандық шалатын жерге шақырды.  Олар келгенде, Самуилдің көзі Елияпқа+ түсіп: “Ехобаның майланғаны осы болу керек”,— деп ойлады.  Алайда Ехоба оған: “Оның келбеті мен бойшаңдығына қарама+, мен таңдаған адам — бұл емес. Құдай пенде емес қой*: пенде адамның сырт келбетіне қарайды, ал Ехоба жүрегіне қарайды+”,— деді.  Есей Әбинадапты+ шақырып, Самуилдің алдына әкелді. Бірақ ол: “Ехоба мұны да таңдаған жоқ”,— деді.  Сосын Шамахты+ әкеліп еді, Самуил: “Ехоба мұны да таңдап алған жоқ”,— деп айтты. 10  Есей осылай Самуилдің алдына жеті ұлын әкелді. Бірақ ол: “Ехоба бұлардың ешқайсысын таңдаған жоқ”,— деді. 11  Ақырында Самуил: “Бар ұлдарың осы ма?”— деп сұрады. Есей: “Тағы кенже ұлым бар+, ол қой бағып жүр+,— деп еді, Самуил: —Адам жіберіп шақырт. Ол келмейінше асқа отырмаймыз”,— деді. 12  Есей адам жіберіп, ұлын шақыртып алды. Ол екі беті нарттай, көздері әдемі, сымбатты жігіт екен+. Сонда Ехоба Самуилге: “Тұрып, оған май жағу рәсімін жаса, мен таңдаған адам — осы!”+— деді. 13  Самуил май құйып әкелген мүйізді алып+, Дәуітке ағаларының көзінше май жағу рәсімін жасады. Сол күннен бастап оған Ехобаның рухы әсер ете бастады+. Кейінірек Самуил Рамақтағы үйіне қайтты+. 14  Ал Саулды Ехобаның рухы тастап кетті+. Ехоба оның өз бойындағы жаман рухына беріліп, үрейге бой алдыруына жол берді+. 15  Сонда қызметшілері Саулға мынаны айтты: “Сізді Құдай жіберген жаман рух үрейлендіріп жүр. 16  Тақсыр, қызметшілеріңізге арфада жақсы ойнайтын кісі тауып әкелуді бұйыра көріңіз+. Құдай жіберген жаман рух әсер еткенде, әлгі кісі күй ойнап берсін, сонда жеңілденіп қаласыз”. 17  Саул оларға: “Жарайды, сондай кісіні тауып, маған алып келіңдерші”,— деді. 18  Осы кезде қызметшілердің бірі: “Мен бетлехемдік Есейдің арфада жақсы ойнайтын бір ұлын көргенмін. Ол ержүрек, мықты жігіт+, өзі ойланып сөйлейді, әрі сымбатты+. Оған Ехобаның өзі жар+”,— деді. 19  Саул Есейге хабаршыларын жұмсап: “Маған қой бағып жүрген ұлың Дәуітті жібер”,— деді+. 20  Сөйтіп, Есей нан мен бір мес шарап және бір лақты есекке артып, Дәуіттен беріп жіберді. 21  Осылай Дәуіт Саулға келіп, қызмет ете бастады+. Саул оны қатты жақсы көріп кетіп, қару-жарағын алып жүруді тапсырды. 22  Кейіннен Саул Есейге “Дәуіт көңілімнен шықты, маған қызмет етуге қалсыншы” деген хабар жіберді. 23  Құдай жіберген жаман рух Саулға әсер еткенде, Дәуіт арфасын алып ойнайтын. Сонда Саул жаман рухынан босап, жеңілденіп қалатын+.

Сілтемелер

Сөзбе-сөз “Өздеріңді қасиетті етіңдер”. Түсіндірмедегі “Қасиетті” сөзін қараңыз.
Немесе “Құдай мәселеге пенде сияқты қарамайды ғой”.