Петірдің 1-хаты 4:1—19

  • Мәсіхке еліктеп, Құдай еркі үшін өмір сүру (1—6)

  • Барлық нәрсенің соңы таяп қалды (7—11)

  • Мәсіхші ретінде жапа шегу (12—19)

4  Ендеше, Мәсіх тәнінде азап шеккендіктен+, сендер де осындай ой қалып танытуға дайын болыңдар. Өйткені тәнінде азап шеккен адам күнә жасауды қойып+,  қалған тәндік өмірін адамға тән құмарлықтарды қанағаттандыруға емес+, Құдайдың еркін орындауға арнайды+.  Өйткені бұрынырақта сендердің басқа халықтар сияқты+, өрескелдікке*, нәпсіқұмарлыққа, маскүнемдікке беріліп, ырду-дырду той-думан құрумен, сылқия тойғанша жарыса ішумен, жиренішті пұттарға табынумен өмір кешкендерің жетеді+.  Олар енді өздерімен бірге осындай бейбастақ істердің шалшығына аунамайтындарыңа таңғалып, сендерді жамандайды+.  Бірақ мұндай адамдар тірілерді де, өлілерді де соттауға дайын тұрғанның алдында есеп беретін болады+.  Сондықтан өлілерге де ізгі хабар жарияланды+. Мұның мақсаты — олардың адамдар тұрғысынан тән бойынша сотталса да, Құдай тұрғысынан рух бойынша өмір сүруі.  Барлық нәрсенің соңы таяп қалды. Сондықтан байыппен ойланыңдар+ және дұға етуге әрдайым дайын болыңдар+.  Бәрінен бұрын, бір-біріңді барынша сүйіңдер+, өйткені сүйіспеншілік көптеген күнәні жабады+.  Бір-біріңе наразылықсыз қонақжайлылық көрсетіңдер+. 10  Құдайдың түрлі жолмен көрсетілген рақымының үлгілі басқарушысы ретінде, әрқайсысың қай мөлшерде сый алсаңдар, оны бір-біріңе қызмет ету үшін сол мөлшерде қолданыңдар+. 11  Кім сөйлесе, Құдайдың киелі сөздерін айтсын. Кім қызмет етсе, Құдайдың күшіне сүйеніп қызмет етсін+. Сонда барлық жағдайда Иса Мәсіх арқылы Құдай мадақталады+. Даңқ та, құдірет те мәңгілік соған тиесілі. Аумин. 12  Сүйікті бауырластар, оттай жанып тұрған қиындықтар арқылы сыналғанда+, мұны оғаш нәрседей көріп, таңғалмаңдар. 13  Қайта, Мәсіхтің азабына ортақтас екендеріңе+ қуана беріңдер+, сонда оның салтанатты ұлылығы анық көрінген кезде де қуана шаттанатын боласыңдар+. 14  Егер Мәсіхтің есімі үшін қорлық сөздер естіп жүрсеңдер, бақыттысыңдар+, өйткені бұл сендерде ұлылық рухының, яғни Құдай рухының, бар екенін көрсетеді. 15  Алайда араларыңда ешкім кісі өлтіруші, ұрлықшы, зұлымдық жасаушы не өзгелердің ісіне араласатын адам ретінде жапа шегуші болмасын+! 16  Ал мәсіхші ретінде жапа шегіп жүрсе, бұған ұялмасын+, қайта, осы атқа сай өмір сүруімен Құдайды мадақтай берсін. 17  Өйткені соттау үшін белгіленген уақыт келіп жетті, әрі сот Құдай үйінен+ басталады. Егер ол алдымен бізден басталатын болса+, Құдайдың ізгі хабарына мойынсұнбайтындардың соңы қандай болмақ+?! 18  “Әділ адамның өзі зорға құтқарылып жатса, құдайдан безгенмен және күнәкармен не болмақ?!”+ 19  Ендеше, Құдайдың еркі бойынша азап шегіп жатқандар жақсылық жасай жүріп, өз жандарын сенімді Жаратушыға тапсырсын+.

Сілтемелер

Немесе “ұятсыз қылықтарға”. Грекше “аселгиа”. Түсіндірмені қараңыз.