Мұсаның 5-жазбасы 4:1—49

  • Мойынсұнушылыққа шақыру (1—14)

    • Құдайдың істерін естен шығармау (9)

  • Ехоба қалтқысыз берілгендікті талап етеді (15—31)

  • Ехобадан басқа шынайы Құдай жоқ (32—40)

  • Иорданның шығысынан бөлінген бассауғалайтын қалалар (41—43)

  • Заңға кіріспе (44—49)

4  Енді, Исраил халқы, менің сендерге үйретіп жатқан нұсқауларым мен шешімдерімді тыңдап, орындаңдар. Сонда аман боласыңдар+ және ата-бабаларыңның Құдайы Ехоба бергелі жатқан жерге кіріп, оны иемденесіңдер.  Мен сендерге бұйырған осы сөздерге ештеңе қоспаңдар, олардан ештеңе алмаңдар+. Мен сендерге жеткізіп отырған Ехоба Құдайларыңның заңдарын орындап жүріңдер.  Пеғор Бағалына қатысты жағдайда Ехобаның не істегенін өз көздеріңмен көрдіңдер. Ехоба Құдайларың Пеғор Бағалына табынғандардың бәрін араларыңнан құртты+.  Ал Ехоба Құдайларыңа етене жақын жүрген сендердің бүгінде көздерің тірі.  Иеленетін жерлеріңе барғанда ұстануларың үшін, Ехоба Құдайым маған бұйырғандай, міне, сендерге оның нұсқаулары мен шешімдерін үйреттім+.  Оларды ұқыптылықпен орындаңдар+. Осы нұсқаулар жайлы естіген басқа халықтар бұдан сендердің даналықтарың+ мен парасаттылықтарыңды+ көріп: —Мына ұлы халық неткен дана әрі парасатты!— дейтін болады+.  Шақырғанда әрдайым жанымыздан табылатын Ехоба Құдайымыздай, басқа қандай ұлы халықтың құдайы бар+?  Бүгін мен сендерге беріп отырған осы бүкіл Заңға ұқсайтын әділ нұсқаулар мен шешімдер басқа қандай ұлы халықта бар+?  Өз көздеріңмен көргендерді естен шығармау үшін және оларды өмір бойы жүректе сақтау үшін, өздеріңе мұқият болып, сақ жүріңдер. Сондай-ақ олар жайлы ұлдарың мен немерелеріңе айтып беріңдер+. 10  Сендер Хориб тауында Ехобаның алдында тұрған күні Ехоба маған: —Халықты менің алдыма жина, олар сөздерімді естісін+, сонда жер басып жүрген уақыттың бәрінде менен қорқуды үйренетін болады+ және балаларына да соны үйрететін болады+,— деді. 11  Сол кезде сендер таудың етегіне келіп тұрдыңдар. Ал жанып жатқан таудың жалыны көкке дейін жетіп, оны қараңғылық пен қою қара бұлт басып тұрды+. 12  Сонда Ехоба сол оттың ішінен тіл қатты+. Сендер оның сөздерін естідіңдер, бірақ ешқандай бейне көрген жоқсыңдар+, тек дауысты ғана естідіңдер+. 13  Ол сендерге орындауларың керек келісімді+, Он заңды*+, жариялады. Сосын оларды екі тас тақташаға жазып берді+. 14  Сол уақытта Ехоба маған сендерге нұсқаулары мен шешімдерін үйретуді тапсырды. Оларды иелікке алғалы жатқан елде орындауларың керек. 15  Абай болыңдар! Ехоба сендермен Хорибте сөйлескенде, оттың ішінен ешқандай бейне көрген жоқсыңдар. 16  Сондықтан сорақы істен аулақ болып, еш нәрсенің бейнесін жасамаңдар: еркектің не әйелдің+, 17  жерде жорғалаған хайуанның, аспанда ұшқан құстың+, 18  жер бетінде қыбырлаған жәндіктің не суда жүзетін балықтың+. 19  Сондай-ақ аспанға қарап, күнді, айды, жұлдыздарды — көктің күллі әскерін — көргенде, оларға елігіп, тағзым етпеңдер, табынып жүрмеңдер+. Ехоба Құдайларың оларды аспан астындағы барша халықтың игілігі үшін берген. 20  Ехоба сендерді өзінің меншікті халқы ету үшін темір балқытатын пеш іспетті Мысырдан алып шықты. Міне, енді сендер оның меншікті халқы+ болып отырсыңдар. 21  Ехоба сендердің кесірлеріңнен маған ашуланып+, Иорданның арғы жағына өтпейтінімді, Ехоба Құдайларың мұраға берейін деп отырған шұрайлы жерге кірмейтінімді айтып, ант етті+. 22  Мен осы жерде көз жұмамын. Иорданнан өтпеймін+, ал сендер өтіп, сол шұрайлы жерді иемденесіңдер. 23  Ехоба Құдайларыңның өздеріңмен жасасқан келісімін ұмытып кетуден сақ болыңдар+. Ехоба Құдайларың тыйым салған нәрселердің бейнесін не қашалған мүсінін жасамаңдар+. 24  Өйткені Ехоба Құдайларың жалмап қоятын от іспетті+, ол — өзіне қалтқысыз берілуді талап ететін* Құдай+. 25  Сендер үбірлі-шүбірлі болып, сол жерде ұзақ уақыт тұрғаннан кейін, құрдымға кетіретін іс жасап, әлдененің қашалған мүсінін істемеңдер+, бұларың Ехоба Құдайларыңның көз алдында зұлымдық әрі оны қорлау болмақ+. 26  Бүгін көк пен жерді* куәлікке шақырамын: егер осылай істесеңдер, Иорданның арғы жағынан иемденгелі тұрған жерден көп ұзамай-ақ құрисыңдар. Ол жерде ұзақ жасамай, қырылып жоқ боласыңдар+. 27  Ехоба сендерді басқа халықтардың арасына бытыратып жібереді+. Ехоба өздеріңді қуып жіберген халықтардың арасында азғантайың ғана аман қаласыңдар+. 28  Сол жерде адам қолымен ағаштан және тастан жасалған+, не көрмейтін, не естімейтін, не тамақ жемейтін, не иіс сезбейтін тәңірлерге құлшылық ететін боласыңдар. 29  Егер сол жерде Ехоба Құдайларыңды іздесеңдер, оны бар жүректеріңмен, бүкіл жан-тәндеріңмен+ іздесеңдер, оны міндетті түрде табасыңдар+. 30  Кейін осы сөздердің бәрі орындалып, қатты қиналғандарыңда, Ехоба Құдайларыңа бет бұрып, оның айтқанына құлақ асатын боласыңдар+. 31  Ехоба Құдайларың — мейірімді Құдай+. Ол сендерді тастамайды, жойып та жібермейді, сондай-ақ ант беріп, ата-бабаларыңмен жасасқан келісімін де ұмытпайды+. 32  Ал енді, ежелгі заманға, Құдай жер бетінде адам баласын жаратқан күннен өз замандарыңа дейінгі күндерге үңіліп қараңдар. Жердің о шетінен бұ шетіне дейін сұрастырып көріңдер. Бұған дейін мұндай ұлы істер жасалып па еді? Бұрын-соңды мұндай нәрсе жайлы біреу естіп пе еді+? 33  Сендер сияқты от ішінен Құдайдың даусын естіп, тірі қалған өзге халық бар ма екен+? 34  Ехоба Құдайларың бұрын-соңды өзге бір халықтың арасынан өзіне халық шығарып алып па еді? Бұл үшін көз алдарыңда Мысырда жасағандай, сот жүргізіп, белгілер мен кереметтер көрсетіп+, соғысып+, қуатты да құдіретті қолын паш етіп+, үрей тудыратын істер+ жасаған ба? 35  Ехобаның шынайы Құдай екенін+, одан басқа шынайы Құдай жоқ+ екенін білулерің үшін, бұлардың бәрі сендерге көрсетілді. 36  Сендерді түзету үшін, ол көктен үн қатты, жерде өзінің ғаламат отын көрсетті. От ішінен оның сөздерін естідіңдер+. 37  Ол ата-бабаларыңды жақсы көргендіктен және олардың ұрпақтарын таңдап алғандықтан+, сендерді Мысырдан құдіретті қолымен өзі алып шықты. 38  Өздеріңнен әлдеқайда көп әрі күшті халықтардың жеріне алып кіріп, иеліктеріңе беру үшін (бұл солай болып та жатыр), оларды алдарыңнан қуып отыр+. 39  Сондықтан Ехобаның аспанда да, жерде де шынайы Құдай екенін+, одан басқа шынайы Құдай жоқ+ екенін бүгін ұғып, көңілдеріңе түйіп алыңдар. 40  Өздеріңе де, келер ұрпақтарыңа да жақсы болу үшін және Ехоба Құдайларың бергелі жатқан жерде ұзақ ғұмыр кешу үшін+, мен сендерге бүгін бұйырып отырған оның нұсқаулары мен заңдарын орындап жүріңдер”. 41  Содан кейін Мұса Иорданның шығыс жағынан үш қаланы бөліп қойды+. 42  Егер біреу жек көргеннен емес, байқаусызда кісі өлтіріп қойса+, сол қалалардың біріне қашып барып, сонда тұру керек болды+. 43  Осындай қала ретінде Рубен ұрпақтарына үстірттегі шөлде орналасқан Бесер қаласы+, Ғад ұрпақтарына Ғалақаттағы Рамот қаласы+, ал Манаса ұрпақтарына Башандағы+ Ғолан қаласы+ белгіленді. 44  Мұса Исраил халқына Заң берді+. 45  Ол осы ескертпелерді, нұсқаулар мен шешімдерді Мысырдан шыққаннан кейін+, 46  Иорданның маңындағы, Бет-Пеғордың тұсындағы аңғарда+ берді. Бұл Хешбонда тұрған аморлық Сихон патшаның жері еді+. Оны Мұса мен исраилдіктер Мысырдан шыққаннан кейін жеңген болатын+. 47  Олар оның және Башан патшасы Огтың жерін басып алды+, осылай Иордан өзенінің шығысындағы аморлық екі патшаның жерін иемденді. 48  Бұл жер Арнон аңғарының жиегіндегі Арогерден бастап+, Сион, яғни Хермон, тауына дейін+, 49  Иорданның шығысындағы бүкіл Араба өлкесін, Физганың етегіндегі Арабадағы теңізге* дейінгі аумақты алып жатты+.

Сілтемелер

Сөзбе-сөз “Он сөз”. Бұл “Он өсиет” деп те белгілі.
Немесе “өзінен басқа тәңірлеріңнің болғанына төзбейтін”.
Немесе “көк пен жердегі тұлғаларды”.
Яғни Тұзды не Өлі теңіз.