Мұсаның 1-жазбасы 2:1—25

  • Құдайдың 7-күні тынығуы (1—3)

  • Ехоба Құдай — аспан мен жердің Жаратушысы (4)

  • Едем бағындағы еркек пен әйел (5—25)

    • Топырақтан адам жаратылды (7)

    • Тыйым салынған ағаш (15—17)

    • Әйелдің жаратылуы (18—25)

2  Осылайша аспан мен жер және ондағының бәрі жаратылып бітті+.  Құдай жетінші күнге қарай ісін аяқтады. Ал жетінші күні бүкіл жарату ісінен тынықты*+.  Құдай жетінші күнге батасын беріп, оны қасиетті деп жариялады. Өйткені ол жарату ісінің бәрінен сол күні тынықты. Құдай ниет еткендерінің барлығын жаратты.  Бұл — аспан мен жердің жаратылу тарихы. Сол күні Ехоба* Құдай жер мен аспанды жаратты+.  Жер бетінде дала бұталары мен өсімдіктері әлі өсіп шықпаған еді. Себебі Ехоба Құдай жерге жауын жауғызбаған болатын, сондай-ақ жерді өңдейтін адам да болмаған еді.  Бірақ жерден бу көтеріліп, бүкіл жер бетін суландырып тұрды.  Ехоба Құдай жердің топырағынан+ адамды жаратып, мұрнына тіршілік лебін+ үрледі. Сонда адам тірі жан* болып шыға келді+.  Кейін Ехоба Құдай шығыста, Едем*+ деген жерде бақ өсіріп, өзі жаратқан адамды сонда орналастырды+.  Сосын Ехоба Құдай жерден көзге тартымды, жемісі жеуге жақсы түрлі ағаштар өсіріп шығарды, сондай-ақ бақтың ортасында өмір сыйлайтын ағашты+ және жақсылық пен жамандықты танытатын ағашты+ өсірді. 10  Едемнен бақты суландырып тұратын өзен ағып жатты, ол әрі қарай төрт өзенге бөлінді. 11  Біріншісінің аты — Пишон, ол алтын шығатын бүкіл Хабила өлкесін айналып ағады. 12  Сол жердің алтыны таза. Сондай-ақ онда хош иісті шайыр мен оникс тасы бар. 13  Ал екінші өзеннің аты — Гихон, ол бүкіл Құш өлкесін айналып ағады. 14  Үшінші өзеннің аты — Хиддекел*+, ол Ассирияның+ шығыс жағынан өтеді. Ал төртінші өзен Евфрат+ деп аталады. 15  Ехоба Құдай адамды Едем бағын өңдеп, күтіп-бағу үшін сонда орналастырды+. 16  Сөйтіп, Ехоба Құдай оған бұйырып: “Бақтағы жеміс ағаштарының бәрінен тойғанша жеуіңе болады+. 17  Бірақ жақсылық пен жамандықты танытатын ағаштың жемісін жеме! Өйткені одан жеген күні өлесің”,— деді+. 18  Содан кейін Ехоба Құдай: “Адамның жалғыз болғаны жақсы болмас. Мен оған өзін толықтыратын көмекші жаратып берейін”,— деді+. 19  Ехоба Құдай топырақтан даланың түрлі жабайы аңдары мен аспанда ұшатын күллі қанаттыларды жаратып, оларды қалай атайтынын білу үшін адамға әкелді. Ол әрбір тіршілік иесін* қалай атаса, солай аталатын болды+. 20  Сөйтіп, адам күллі үй жануарларына, аспанда ұшатын қанаттыларға, даланың барлық жабайы аңдарына ат қойды. Бірақ адамға өзін толықтыратын көмекші болмады. 21  Сондықтан Ехоба Құдай оны терең ұйқыға батырып, бір қабырғасын алды да, орнын етімен жауып қойды. 22  Ехоба Құдай сол қабырғадан әйел жасап, оны адамға алып келді+. 23  Сонда адам былай деді: “Міне, бұл — өз сүйегімнен шыққан сүйек,Өз етімнен шыққан ет! Ол “әйел”* деп аталатын болады,Өйткені еркектен алынып жаралған”+. 24  Сондықтан еркек әке-шешесін қалдырып, әйеліне қосылады*, сөйтіп, екеуі біртұтас* болады+. 25  Еркек те, әйел де жалаңаш еді+, бірақ олар бұған ұялған жоқ.

Сілтемелер

Еврей тіліндегі етістік әрекеттің аяқталмағанын, жалғасып жатқанын білдіреді.
Бұл — Құдайдың адамзатқа өзі ашқан есімі. А4 қосымшасын қараңыз.
Еврейше “нефеш”. Бұл сөзбе-сөз “тыныс алатын жаратылыс” дегенді білдіреді. Түсіндірмені қараңыз.
Мағынасы “рақаттану, ләззат алу”.
Немесе “Тигр”.
Немесе “тірі жанды”.
Еврей тілінде еркек — “иш”, әйел — “ишша” деп дыбысталады.
Сөзбе-сөз “қатты жабысады”.
Сөзбе-сөз “бір тән”.