Лұқа 22:1—71

  • Діни қызметкерлердің Исаны өлтірудің жолын іздеуі (1—6)

  • Соңғы Құтқарылу мейрамына дайындық (7—13)

  • Иеміздің кешкі асын енгізу (14—20)

  • “Маған опасыздық жасайтын адам менімен дастарқан басында” (21—23)

  • Ең ұлысы кім екеніне қатысты қызу дау (24—27)

  • Исаның патшалық келісімі (28—30)

  • Петірдің Исадан танатыны жайлы алдын ала айту (31—34)

  • Дайын болуға шақыру; екі семсер (35—38)

  • Исаның Зәйтүн тауындағы дұғасы (39—46)

  • Исаның тұтқындалуы (47—53)

  • Петірдің Исадан тануы (54—62)

  • Исаны келеке-мазақ қылу (63—65)

  • Жоғарғы кеңес алдында сотталуы (66—71)

22  Ашымаған нан мейрамы жақындап қалған еді. Ол Құтқарылу мейрамы* деп аталатын+.  Жоғарғы діни қызметкерлер мен дін мұғалімдері Исаның көзін құртудың тиімді жолын іздестірді+, себебі халықтан қорықты+.  Шайтан 12 елшінің бірі Яһуда Исқариоттың жүрегіне кірді+.  Яһуда жоғарғы діни қызметкерлер мен ғибадатхананың бас сақшыларына барып, Исаны қалай ұстап беруге болатыны туралы сөйлесті+.  Олар қуанып кетіп, оған күміс ақша беруді уәде етті+.  Ол бұған келісіп, жұрт жоқ кезде Исаны ұстап берудің қолайлы сәтін іздей бастады.  Ашымаған нан мейрамы келіп жетті. Бұл күні Құтқарылу мейрамына арналған құрбандық шалыну керек еді+.  Сондықтан Иса Петір мен Жоханды: “Барып, бізге Құтқарылу мейрамының асын әзірлеңдер+”,— деп жұмсады.  Олар: “Асты қайда дайындағанымызды қалайсыз?”— деп сұрағанда, 10  Иса былай деді: “Қалаға кіргенде, құмырамен су алып бара жатқан адамды кездестіресіңдер. Соған еріп, ол кірген үйге кіріңдер де+, 11  үй иесіне: —Ұстазымыз шәкірттерімен бірге Құтқарылу мейрамының асын ішуге болатын қонақ бөлменің қайда екенін сұрап жатыр,— деңдер. 12  Ол сендерге жоғары қабаттағы әзірленіп қойылған үлкен бөлмені көрсетеді. Асты сол жерге дайындаңдар”. 13  Шәкірттер барғанда, бәрі дәл Иса айтқандай болып шықты. Сөйтіп, олар Құтқарылу мейрамына дайындалды. 14  Тамақ ішетін уақыт келгенде Иса елшілерімен бірге дастарқан басына жантайды+. 15  Сосын оларға былай деді: “Азап шегерімнің алдында осы Құтқарылу мейрамының асын сендермен жеуді қатты қалаған едім. 16  Себебі сендерге мынаны айтамын: Құдай Патшалығында бәрі түгелдей орындалмайынша, бұл асты қайтып жемеймін”. 17  Ол тостағанды алып, Құдайға ризашылық білдірді де, былай деді: “Мынаны алып, бәрің осыдан ішіңдер. 18  Өйткені сендерге мынаны айтамын: Құдай Патшалығы келгенше, енді қайтып шарап ішпеймін”. 19  Бұдан кейін қолына нан алып+, ризашылық білдірді де, оларға сындырып беріп жатып: “Бұл сендер үшін ұсынылатын денемді білдіреді+. Мені еске алу үшін осылай істеп тұрыңдар”+,— деді. 20  Сол сияқты, кешкі астан кейін тостағанды да алып, былай деді: “Мына тостаған сендер үшін төгілетін+ қаныма негізделген+ жаңа келісімді білдіреді+. 21  Маған опасыздық жасайтын адам менімен бірге дастарқан басында отыр+. 22  Адам Ұлы, шынында да, алдын ала айтылғанға сай кетіп бара жатыр+, бірақ оған опасыздық жасаған кісі қасіретке қалады+!” 23  Сонда елшілер бұны кім істеуі мүмкін деп, өзара талқылай бастады+. 24  Сондай-ақ араларында ең ұлысы кім екеніне қатысты қызу дау туды+. 25  Бірақ Иса былай деді: “Патшалар қол астындағы халықты билеп-төстейді, оларға үстемдік ететіндер Қамқоршылар* деп аталады+. 26  Бірақ сендердің араларыңда бұндай болмасын+. Ең ұлыларың ең кішідей+, ал басшылық ететіндерің қызмет көрсетушідей болыңдар. 27  Дастарқан басында жантайған кісі ұлы ма, әлде қызмет көрсетіп жүргені ме? Дастарқан басында жантайғаны емес пе? Ал мен араларыңда қызмет көрсетуші іспеттімін+. 28  Алайда қиындыққа ұшыраған кездерімде+ менімен бірге болған сендерсіңдер+. 29  Әкемнің менімен Патшалық келісімін жасасқанындай, мен де сендермен сондай келісім жасасамын+. 30  Осылайша сендер менің Патшалығымда дастарқанымнан ішіп-жейсіңдер+ және Исраилдің 12 руын соттау үшін тақтарға отырасыңдар+. 31  Шимон, Шимон! Шайтан бәріңді бидай іспетті електен өткізуді талап етті+. 32  Бірақ сенімің әлсіремесін деп, сен үшін жалбарындым+. Ал сен ісіңе өкінген соң, бауырластарыңның сенімін нығайт+”. 33  Сонда ол: “Ием, сізбен бірге түрмеге де, өлімге де баруға дайынмын”,— деді+. 34  Бірақ Иса: “Петір, саған айтамын, бүгін әтеш шақырмай тұрып-ақ, сен мені білмейтініңді айтып, үш рет танасың”,— деді+. 35  Сосын олардан: “Сендерді ақша салатын қалта да, тамақ салатын дорба да, сандал да алғызбай жібергенімде+, бір нәрседен мұқтаждық көрдіңдер ме?”— деп сұрағанда, олар: “Жоқ!”— деп жауап берді. 36  Сонда Иса былай деді: “Ал енді кімнің ақша салатын қалтасы болса, сонысын, сондай-ақ тамақ салатын дорбасын алсын. Семсері жоқ адам жамылғысын сатып, семсер алсын. 37  Өйткені сендерге мынаны айтамын: “ол қылмыскерлер қатарында саналды”+ деген сөздер маған қатысты айтылған. Себебі мен туралы жазылғандар орындалуда+”. 38  Олар: “Ием, міне, мұнда екі семсер бар”,— дегенде, Иса: “Осы жеткілікті”,— деді. 39  Бұдан кейін сол жерден шығып, дағдысы бойынша Зәйтүн тауына қарай жүрді. Шәкірттері де соңынан ілесті+. 40  Әлгі жерге келгенде, Иса оларға: “Азғырылмау үшін дұға ете беріңдер”,— деді+. 41  Ал өзі тас лақтырымдай жерге барды да, тізе бүгіп, дұға ете бастады: 42  “Әке, егер қаласаң, бұл тостағаннан* маған ішкізе көрме. Бірақ менің емес, сенің еркің болсын”+. 43  Сонда көктен бір періште келіп, оны нығайтты+. 44  Бірақ жан азабына түскені сонша — ол одан бетер қатты жалбарынып дұға айтты+. Ал оның тері қан тамшылары сияқты жерге тамып жатты. 45  Сосын орнынан тұрып, шәкірттеріне келді. Олардың қайғыдан титықтап ұйықтап кеткенін көріп+: 46  “Неге ұйықтап жатырсыңдар? Тұрыңдар, азғырылмау үшін дұға ете беріңдер+”,— деді. 47  Ол әлі сөйлеп тұрғанда, бір топ адам көрінді. Оларды Яһуда есімді 12 елшінің бірі бастап келе жатты. Ол Исаның бетінен сүймек болып, жанына келді+. 48  Иса оған: “Яһуда, Адам Ұлына бетінен сүйіп опасыздық жасап тұрсың ба?”— деді. 49  Исаның қасындағылар мән-жайды аңғарып: “Ием, семсермен шауып тастайық па?”— деді. 50  Біреуі тіпті семсерін сілтеп қалып, бас діни қызметкердің құлының оң құлағын шауып түсірді+. 51  Сонда Иса: “Жетер енді!”— деді де, құлдың құлағына қолын тигізіп, сауықтырып жіберді. 52  Бұдан кейін өзін ұстауға келген жоғарғы діни қызметкерлерге, ғибадатхананың бас сақшылары мен ақсақалдарға былай деді: “Қарақшыны ұстауға келгендей, семсер, сойылмен келгендерің қалай+? 53  Күн сайын сендермен бірге ғибадатханада болғанымда+, тұтқындамап едіңдер+. Бірақ қазір сендердің уақыттарың және түнектің билік жүргізетін уақыты+”. 54  Олар Исаны тұтқынға алып+, бас діни қызметкердің үйіне әкетті. Ал Петір алыстан ілесіп отырды+. 55  Ондағылар ішкі ауланың ортасына от жағып, сол жерге жиналғанда, Петір де араларына барып отырды+. 56  Бір қызметші қыз оттың жарығында отырған оны көргенде, тесіле қарап: “Мынау да онымен бірге жүретін”,— деді. 57  Бірақ ол: “Мен оны танымаймын”,— деп мойындамады. 58  Біраздан кейін тағы біреу көріп: “Сен де солардың бірісің”,— деп еді, Петір: “Жоқ, олай емес”,— деп жауап берді+. 59  Бір сағаттай уақыт өткен соң басқа бір адам: “Шынымен де, бұл онымен бірге жүретін. Себебі мынау — ғалилеялық!”— деп қоймады. 60  Петір болса: “Не айтып тұрғаныңды білмеймін”,— деді. Ол әлі сөйлеп тұрғанда-ақ, әтеш шақырды. 61  Сол кезде Иеміз бұрылып, Петірге қарады. Сонда Иеміздің “бүгін әтеш шақырғанша, сен менен үш рет танасың” деген сөздері Петірдің есіне түсті+. 62  Сөйтіп, сыртқа шығып, өкіріп жылады. 63  Исаны күзетіп тұрғандар оны мазақтап+, ұрып-соға бастады+. 64  Сондай-ақ бетін жауып қойып, ұрып: “Әй, пайғамбар болсаң, сені кім ұрғанын айтшы?”— десті. 65  Оған басқа да көптеген қорлық сөздер айтты. 66  Таң ата ел ақсақалдары, жоғарғы діни қызметкерлер мен дін мұғалімдері түгел жиналып+, Исаны Жоғарғы кеңеске* алып келді де: 67  “Егер Мәсіх болсаң, айт бізге”,— деді+. Бірақ Иса оларға мынаны айтты: “Айтсам да, бәрібір сенбес едіңіздер. 68  Ал сұрасам, бәрібір жауап бермес едіңіздер. 69  Бірақ енді Адам Ұлы+ құдіретті Құдайдың оң жағында отыратын болады+”. 70  Бұған бәрі: “Сонымен, сен Құдайдың Ұлысың* ба?”— деп сұрағанда, Иса: “Мұны өздеріңіз айтып тұрсыздар”,— деп жауап қатты. 71  Сонда олар: “Бізге бұдан басқа қандай куәлік қажет? Мұны өз аузынан естідік қой”+,— десті.

Сілтемелер

Бұл құрметті лауазымды білдіреді.
“Тостаған” Исаға жалған айып тағылып, өлтірілетініне қатысты Құдайдың еркін білдіреді.