Ишая 2:1—22

  • Ехобаның тауының асқақтауы (1—5)

    • Семсерден соқа соғу (4)

  • Ехобаның күні келгенде тәкаппарлар масқара болады (6—22)

2  Амос ұлы Ишаяның Яһуда мен Иерусалим туралы көрген аяны+:   Соңғы күндерде Ехобаның үйі тұрған тауТау шыңдарынан асқақ болып, берік орнығады+,Ол төбе атаулыдан жоғары көтеріледі,Барлық халықтар соған қарай ағылатын болады+.   Көптеген халықтың адамдары келіп: “Жүріңдер, Ехобаның тауына көтеріліп,Жақыптың Құдайының үйіне барайық+. Ол бізді өз жолдарына үйретеді,Сонда біз оның жолдарымен жүреміз+”,— дейді. Өйткені Сионнан заң, Иерусалимнен Ехобаның сөзі шығады+.   Құдай ұлттар арасында сот жүргізеді,Көптеген халықтардың игілігі үшін бар істі түзетеді. Олар семсерлерінен соқа,Найзаларынан орақ соғады+. Халық халыққа қарсы енді қайтып семсер көтермейді,Олар соғысуды да үйренбейді+.   Ей, Жақыптың үйі, келіңдер,Ехобаның нұрында жүрейік+.   Сен халқыңды, Жақыптың үйін, тастап кеттің+,Себебі олар Шығыстан көп нәрсеге үйренді;Філістірлер сияқты сиқырлықпен айналысады+,Араларында жатжерліктердің балалары қаптап кетті.   Елдері күміс пен алтынға толы,Қазыналары сансыз көп. Елдері жылқыға толы,Арбалары сансыз көп+.   Елдері түкке тұрғысыз құдайларға толы+. Олар өз қолдарынан шыққан,Саусақтарымен жасаған заттарға бас иеді.   Осылай адам өз қадірін түсіріп, масқара болады,Сен оларды кешіре алмайсың. 10  Ехобаның қорқынышты қаһарынан,Айбынды ұлылығынан жартасқа барып тығылыңдар,Жердегі ой-шұңқырларға жасырыныңдар+. 11  Тәкаппар масқара болып, көзімен жер шұқиды,Паңдардың көкірегі басылады. Сол күні Ехоба ғана асқақтайды. 12  Өйткені бұл — Әскербасы Ехобаның күні+. Бұл күн әрбір тәкаппар, әрбір менмен адамның басына туады,Жоғары не төмен дәрежелі болсын — бәрінің басына түседі+. 13  Ливанның биік те асқақ қарағайларының,Башан емендерінің ешқайсысы қашып құтыла алмайды. 14  Одан күллі асқар таулар мен биік қыраттар да, 15  Күллі зәулім мұнаралар мен берік дуалдар да, 16  Тарсис кемелері+ менКөз тартарлық қайықтардың ешқайсысы да қашып құтыла алмайды. 17  Тәкаппардың көкірегі басылады,Паңдар төмендетіледі. Сол күні Ехоба ғана асқақтайды. 18  Түкке тұрғысыз құдайлар із-түзсіз жоғалады+. 19  Ехоба үрей тудырып, жерді дүр сілкіндіру үшін түрегелгенде,Оның қорқынышты қаһарынан, айбынды ұлылығынанЖұрт жартастардағы үңгірлерге тығылады,Жердегі ой-шұңқырларға кіріп жасырынады+. 20  Сол күні жұрт күміс пен алтыннан жасап алған,Түкке тұрғысыз құдайларынЖертесерлер* мен жарқанаттарға лақтырады+. 21  Ехоба үрей тудырып, жерді дүр сілкіндіру үшін түрегелгенде,Оның қорқынышты қаһарынан, айбынды ұлылығынанЖартастардағы үңгірлерге, құздардағы қуыстарға тығылу үшін солай етеді. 22  Ендеше, өз игіліктерің үшін,Жұмыр басты пендеге арқа сүйеуді доғарыңдар! Ол мұрнындағы демінің арқасында ғана жер басып жүр. Одан келіп-кетер пайда бар ма?!

Сілтемелер

Обыр ұсақ сүтқоректілер.