Мазмұнға өту

Реинкарнация Киелі кітап ілімі ме?

Реинкарнация Киелі кітап ілімі ме?

Киелі кітаптың жауабы

 Жоқ, бұл Киелі кітаптың ілімі емес. Киелі кітапта “реинкарнация” деген сөз де, ұғым да жоқ. Реинкарнация өлмес жан a туралы ілімге негізделген. Бірақ Киелі кітапта жан дегеніміз адамның өзі екені әрі оның өлетіні айтылған (Мұсаның 1-жазбасы 2:7, сілтеме; Езекиел 18:4). Өлгенде адам тіршілік етуін тоқтатады (Мұсаның 1-жазбасы 3:19; Уағыздаушы 9:5, 6).

Реинкарнация мен қайта тірілудің айырмашылығы неде?

 Киелі кітаптағы қайта тірілу ілімі өлмес жан туралы ілімге негізделмеген. Қайта тірілу кезінде өліп кеткен адамдар Құдай құдіретімен қайтадан өмірге оралады (Матай 22:23, 29; Елшілердің істері 24:15). Бұл ілім өліп кеткен адамдар болашақта жердегі жұмақта тіріліп, сосын енді қайтып өлмейді деп үйретеді (Петірдің 2-хаты 3:13; Аян 21:3, 4).

Жаңсақ пікірлер мен Киелі кітап

 Жаңсақ пікір: Киелі кітапта Ілияс пайғамбардың шомылдыру рәсімін жасаушы Жақия болып келгені айтылған.

 Шындық: Құдай: “Сендерге Ілияс пайғамбарды жіберемін”,— деген пайғамбарлық айтқан. Иса бұл сөздердің шомылдыру рәсімін жасаушы Жақияда орындалғанын көрсетті (Малахи 4:5, 6; Матай 11:13, 14). Бірақ бұл Ілияс тура мағынада Жақия болып келді дегенді білдірмейді. Өйткені Жақияның өзі “Ілияс емеспін” деп айтқан (Жохан 1:21). Қайта, Жақия Ілиястікіне ұқсас іс атқарған, яғни өкіну жайлы Құдайдың хабарын жариялаған (Патшалар 1-жазба 18:36, 37; Матай 3:1, 2). Сондай-ақ ол да Ілияс сияқты құлшынысты әрі күш-қуаты мол пайғамбар болған (Лұқа 1:13—17).

 Жаңсақ пікір: Киелі кітаптағы “қайтадан туылу” деген сөз реинкарнацияға нұсқайды.

 Шындық: Киелі кітапта “қайта туылу” деп адамның көзі тірісінде рухани жағынан қайта туылуын білдіреді (Жохан 1:12, 13). Бұл қайта туылу адамның бұрынғы істерінің салдары емес, жарқын болашаққа үміт беретін Құдайдың батасы болып табылады (Жохан 3:3; Петірдің 1-хаты 1:3, 4)

a Өлмес жан мен реинкарнация ілімі көне Бабылдан бастау алған. Ғасырлар өте үнді философтары Карма ілімін қалыптастырды. Бір танымал энциклопедияға сай, Карма деген — “себеп-салдар заңдылығы, яғни адамның қазіргі өмірінде істеп жатқаны келесі өміріне әсер етеді” (“Britannica Encyclopedia of World Religions”, 913-бет).