Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Сенім артуға тұрарлық ақыл-кеңестерді қайдан табуға болады?

Сенім артуға тұрарлық ақыл-кеңестерді қайдан табуға болады?

Күнде өзгеріп жатқан мына дүниеде қабылдаған шешімдеріңіз дұрыс екеніне қалай сенімді бола аласыз? Бүгін дұрыс болып есептелетін нәрсе ертең бұрыс болып кетпейтініне не кепіл?

Киелі кітапқа жүгінсеңіз, ешқашан өкінбейтін шешімдер қабылдайсыз. Бұл мүмкін бе? Әрине, себебі Киелі кітапты жаздырған Жаратушымыздың өзі. Ол біз үшін ненің игі екенін, бізді шын мәнінде не бақытты ететінін өзімізден жақсы біледі.

“Ол саған ненің жақсы екенін айтты ғой” (Миха 6:8).

Киелі кітаптың кеңестері тиімді әрі “олар әрқашан, тіпті мәңгі сенім артуға тұрарлық” (Зәбүр 111:8).

Осы тұрақсыз заманда Киелі кітап сізге дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі. Бұған өзіңіз көз жеткізіп көріңіз.