Мазмұнға өту

Некелеспей бірге тұру жайлы Киелі кітапта не айтылған?

Некелеспей бірге тұру жайлы Киелі кітапта не айтылған?

Киелі кітаптың жауабы

 Киелі кітаптан Құдай бізден “азғындықтан аулақ болуды” талап ететінін білеміз (Салоникалықтарға 1-хат 4:3). Мұндағы “азғындық” сөзі неке адалдығын бұзуға, гомосексуалдық қатынасқа, некеге тұрмаған әйел мен еркектің жыныстық қатынасына нұсқайды.

 Еркек пен әйелдің некеге тұрған-тұрмағаны Құдай үшін неге маңызды?

  •   Неке құрылымын орнатқан — Жаратушы Құдай. Алғашқы ер мен әйелді қосқанда, Құдай неке деген құрылымға бастама берді (Мұсаның 1-жазбасы 2:22—24). Ер мен әйелдің адалдық сертінсіз бірге өмір сүруі Құдайдың ниетіне ешқашан кірмеген.

  •   Адамды не нәрсе шынымен бақытты ететінін Құдай жақсы біледі. Құдай еркек пен әйел мәңгілік одақ құрып, отбасының барлық мүшесі осы одақтың игілігін көрсін, өздерін қауіпсіз сезінсін деген ниетпен неке құрылымын орнатты. Мысалы, қандай да бір жиһаз алсақ, оны шығарған зауыттың нұсқаулығына қарап, оны қалай дұрыс жинау керектігін білеміз ғой. Сол сияқты Жаратушымыздың нұсқаулары бізге бақытты отбасын құруды үйретеді. Сол нұсқауларға құлақ асқан жандар оның тек пайдасын көреді (Ишая 48:17, 18).

    Жиһазды шығарған зауыттың нұсқаулығында оны қалай дұрыс жинау керектігі жазылады. Ал Құдайдың Киелі кітаптағы нұсқаулары бақытты отбасын құруға көмектеседі.

  •   Некеден тыс жыныстық қатынастың ауыр салдары болуы мүмкін. Мысалы, қалаусыз жүктілік, жыныстық жолмен берілетін аурулар және жан жарасы.

  •   Ер мен әйел жыныстық қатынас арқылы бала сүйе алады. Бұл қабілетті оларға Құдай берген. Жаратушымыз үшін адамның өмірі қасиетті. Ұрпақ жалғастыру қабілеті — оның берген құнды сыйы. Осы сыйға құрметпен қарағымыз келсе, Құдай орнатқан неке құрылымына да құрметпен қарауымыз керек (Еврейлерге 13:4).

 Мінездері жарасатынын тексеру үшін некелеспей бірге тұру жайлы не деуге болады?

 Бір-бірімен жарасатын-жараспайтындарын білу үшін некелерін заңдастырмай, бір шаңырақтың астында өмір сүріп көру — бақытты некенің арқауы емес. Керісінше, жұптар адалдық сертімен байласса, қиындықтарын шешу үшін жұмыла әрекет етсе, некелері берік болмақ a. Неке адалдықты бекемдей түседі (Матай 19:6).

 Некелері берік болу үшін жұптар не істей алады?

 Бұл өмірде мінсіз неке жоқ. Десе де, Киелі кітаптағы ақыл-кеңестердің көмегімен жұптар жұбайлық өмірде бақытты бола алады. Сол кеңестердің кейбірі мынадай:

aОтбасы жарасымы. Адалдық” деген мақаланы қараңыз.