Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

СЕРГЕК БОЛЫҢДАР!

Әдептен аттау әдетке айналды. Бұл жайлы Киелі кітапта не делінген?

Әдептен аттау әдетке айналды. Бұл жайлы Киелі кітапта не делінген?

 Адамдар барған сайын әдептен жұрдай болып барады. Емделушілер дәрігерлерге дауыс көтереді; мейрамханадағы қонақтар даяшыларды жерден алып, жерге салады; ұшақ жолаушылары бортсеріктермен айтысып, олармен ұрсысады; оқушылар мұғалімдерін мазақтап, тіпті оларға күш көрсетеді; бұған қоса, кейбір саясаткерлер дау-дамайдың арасында жүрсе, кейбірі соны пайдаланып өздерін әдепті етіп көрсетеді.

 Киелі кітапта әдептіліктің стандарты жазылған. Сондай-ақ онда адамдардың не себепті әдептен жұрдай болып бара жатқаны түсіндіріледі.

Неге әдептен аттау әдетке айналды?

 Әдеп деген ұятқа қалдыратын істерден аулақ болуды, моральдық құндылықтармен өмір сүруді және көркем мінез-құлыққа ие болуды білдіреді. Өкінішке қарай, қазіргі таңда әдепсіздік жер шарын жайлап барады.

  •   “Гэллап” зерттеу орталығының жүргізген сауалнамасына сай, америкалықтардың ойынша, Құрама Штаттарда моральдық құндылықтар соңғы 22 жылдың ішінде мұншалықты төмен түспеген.

  •   28 елден 32 000-нан аса адам қатысқан басқа бір сауалнамаға сай, қатысушылардың 65 пайызы әдептілік нормалары бұрын-соңды болмағандай төмендеп кеткенімен келісетіндерін айтты.

 Киелі кітапта адамдардың осындай мінез-құлқы жайлы алдын ала айтылған:

  •   “Соңғы күндері ерекше қиын уақыт болатынын біліп қой: адамдар тек қара басын ойлайтын, ақшақұмар, мақтаншақ, тәкаппар, балағатшыл, ата-анасына мойынсұнбайтын, алғысты білмейтін,.. бауырмалдықтан жұрдай, қатыгез... болады” (Тімөтеге 2-хат 3:1—3).

 Осы сөздер бүгінде қалай орындалып жатқанын көбірек білу үшін “Киелі кітапта адамдардың мінез-құлқы қандай болатыны алдын ала айтылған ба?” (ор.) мақаласын оқып көріңіз.

Әдептілікті қайдан үйрене аламыз?

 Әдептіліктен алыстап кеткен мына дүниеде миллиондаған адам Киелі кітаптың арқасында көркем мінез-құлыққа ие болып, дұрыс жүріп-тұруды үйреніп жатыр. Ондағы ақыл-кеңестер “әрқашан, тіпті мәңгі сенім артуға тұрарлық” (Зәбүр 111:8). Солардың кейбірі мынадай:

  •   Киелі кітапта былай делінген: “Барлық істе басқалар өздеріңе қалай істесін десеңдер, сендер де оларға солай істеңдер” (Матай 7:12).

     Мағынасы: Егер басқалар бізге мейіріммен қарап, құрмет танытсын десек, өзіміз де оларға солай қарауымыз керек.

  •   Киелі кітапта былай делінген: “Өтірікті тастағандықтан, енді әрқайсысың өзгеге шындықты айтыңдар” (Ефестіктерге 4:25).

     Мағынасы: Біз сөзімізде де, ісімізде де шыншыл болуымыз керек.

 Осы тақырып жайлы көбірек білгіңіз келсе, келесі мәліметтерді оқып көріңіз: