Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

panitan/stock.adobe.com

ЕСКЕ АЛУ КЕШІ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ НАУҚАН

Иса пайғамбар кедейлікті жеңеді

Иса пайғамбар кедейлікті жеңеді

 Иса пайғамбар жерде болған кезінде адамдарға зор сүйіспеншілік танытты, әсіресе кедей-кепшіктер мен жаны қиналып жүргендерге (Матай 9:36). Ол тіпті адамдар үшін жанын қиды (Матай 20:28; Жохан 15:13). Жақында ол Құдай Патшалығының Патшасы ретінде келіп, кедейшіліктің тамырына балта шабады. Сөйтіп, адамдарды жақсы көретінін тағы да дәлелдейді.

 Киелі жазбаларда Иса пайғамбардың алдағы уақытта не істейтіні жайлы былай деп жазылған:

  •   “Патша елдегі бейшараларды қорғасын, Балаларын да аман сақтасын” (Зәбүр 72:4).

 Иса пайғамбардың біз үшін істеген және алда істейтін жақсылықтары үшін алғысымызды қалай білдірсек болады? Ол ізбасарларына өзін еске алып тұруды айтып кеткен (Лұқа 22:19). Сондықтан Ехоба куәгерлері жыл сайын Иса пайғамбарды еске алады. Сізді де бізбен бірге Иса пайғамбарды еске алуға шақырамыз. Биыл бұл жиын 24 наурыз, жексенбі күні өтеді.

Еске алу кеші өтетін жерді табу