Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Иса пайғамбардың құрбандығының игілігін көріңіз

Иса пайғамбардың құрбандығының игілігін көріңіз

 Ехоба куәгерлері әр жыл сайын Иса пайғамбарды еске алады. Бұлай етуді Исаның өзі бұйырған (Лұқа 22:19). Бұл кешке Куәгерлер миллиондаған басқа да адамдарды шақырады. Осы кеште Иса пайғамбардың адамзаттың игілігі үшін не істегені түсіндіріледі. Сондай-ақ оның құрбандығының пайдасын қазір және болашақта қалай көретінімізді біле аласыз (Жохан 3:16).

 Сіз осы жылы Еске алу кешіне келе алсаңыз да, келе алмасаңыз да Исаның құрбандығының пайдасын қалай көре аласыз? Иса пайғамбар бізге мына екі маңызды нәрсені істеуді айтқан:

  1.  1. Құдай мен Иса жайлы білу. Бірде Иса көктегі Әкесіне дұға еткенде келесідей сөздерді айтқан: “Мәңгілік өмірге ие болу үшін сені, жалғыз шынайы Құдайды, және өзің жіберген Иса Мәсіхті танып-білу керек” (Жохан 17:3).

  2.  2. Білгендерімізге сай әрекет ету. Иса пайғамбар оның айтқан ақыл-кеңестерін өмірде қолдану керектігін айтқан. Мысалы, ол таудағы уағызын аяқтап жатып, тыңдаушыларына: “Айтқандарымды естіп, оларды орындаңдар”,— деген (Лұқа 6:46—48). Ал тағы бірде: “Осыларды біліп қана қоймай, соған сай әрекет етсеңдер, бақыттысыңдар”,— деп айтқан (Жохан 13:17).

 Сіз де Құдай мен Иса пайғамбар жайлы көбірек білгіңіз келер ме еді? Білгендеріңізді іс жүзінде қолдануды үйренгіңіз келе ме? Осы орайда сізге мына нәрселер көмек болады:

Киелі кітап курсы

 Біздің тегін курсымыз көптеген адамға Киелі кітапты түсінуге және ондағы кеңестердің пайдасын көруге көмектесті.

  •   Курс жайлы көбірек білу үшін “Тәлімгердің көмегімен өтетін киелі кітап курсы” деген бетті ашыңыз.

  •   Киелі кітапты зерттеу сабақтары қалай өтетінін білу үшін “Құдай Сөзін талқылау сабақтарына қош келдіңіз!” деп аталатын видеоны көріңіз.

Ехоба куәгерлерінің кездесулері

 Ехоба куәгерлері аптасына екі рет Патшалық сарайы деп аталатын ғибадат орындарында жиналады. Бұл кездесулерде біз Киелі кітапты талқылап, оның тәлімдерін өмірде қолдануды үйренеміз.

 Келем деушілерге есік ашық, ол үшін Куәгер болу шарт емес. Сіз тұрып жатқан жердегі жағдайға қарай кездесуге жүзбе-жүз не бейнеконференция арқылы қатыса аласыз.

Онлайн мақалалар мен видеолар

 Біздің сайтымыздағы көптеген мақалалар мен видеолардан Иса пайғамбардың үйреткен тәлімдері мен оның төлем құрбандығының маңыздылығын біле аласыз.

 Мысалы, қалайша бір адамның өлімі миллиондаған адамды құтқара алатынын білу үшін “Иса Мәсіх бізді қайтіп құтқарады?” (ор.), “Неге Иса пайғамбар азап шегіп өлу керек болды?” деген мақалаларды оқыңыз және “Иса пайғамбар не үшін өлді?” деген видеоны көріңіз.