Мазмұнға өту

Адамдар не үшін өледі?

Адамдар не үшін өледі?

Киелі кітаптың жауабы

 Жоғарыдағы сұрақ көбімізді, әсіресе жақын адамы қайтыс болған жандарды мазалайды. Киелі кітап бұл сұраққа былай деп жауап береді: “Өлімге ұшырататын улы тіс — күнә” (Қорынттықтарға 1-хат 15:56).

Күнә мен өлім қайдан пайда болды?

 Алғашқы жұп Адам ата мен Хауа ана Құдайға қарсы шығуымен күнә жасап, өз өмірлерінен айырылды (Мұсаның 1-жазбасы 3:17—19). “Өмірдің қайнар көзі” — Құдайға қарсы шыққандықтан, олардың еншісі өлім еді (Зәбүр 36:9; Мұсаның 1-жазбасы 2:17).

 Адам ата арқылы күнә оның барлық ұрпақтарына берілді. Киелі кітапта былай делінген: “Бір адам арқылы дүниеге күнә, ал күнә арқылы өлім келді, осылайша адамдардың бәрі өлетін болды, себебі бәрі күнә жасады” (Римдіктерге 5:12). Иә, адамдардың барлығы күнәкар болғандықтан, бәрі өледі (Римдіктерге 3:23).

Өлім болмайтын кез

 Құдай “өлімді біржола жоқ қылуды” уәде етеді (Ишая 25:8). Өлім болмау үшін, алдымен, оның түптамыры болып табылатын күнәні жою қажет. Бұл үшін Құдай Иса Мәсіхті қолданады. Ол “дүниені күнәдан арылтады” (Жохан 1:29; Жоханның 1-хаты 1:7).